Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаевтардың туысы: облыс басшысы Түркістанның жаңа әкімі жөнінде пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әзімбек Пазылбекұлы
Әзімбек Пазылбекұлы. Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласы әкімі қызметіне Әзімбек Пазылбекұлының тағайындалғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

БАҚ өкілдері 33 жастағы Әзімбек Пазылбекұлының бұл қызметке қаншалықты лайық екенін сұрады. "Бұл тағайындауда оның Сапарбаевтар пен Нәлібаевтар отбасынан шыққаны ескерілді ме?" деген сұрақ қойылды.

"Біз оны жұмысқа шақырдық, бірақ ол олардың туысы болғандықтан емес, шынымды айтсам, олардың туысы екенін де білмедім. Біз талаптарға сай адамды іздедік. Түркістан қаласында инфрақұрылым мәселелері көп, оның ішінде тұрғын үй, электрлендіру, кәріз мәселесі әріптестер көтерген болатын. Сондықтан бізге орталық мемлекеттік органдармен жұмыс жасауды білетін маман керек болды. Әзімбек Пазылбекұлы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде 10 жылдан астам жұмыс істеп, осы комитетті бір жылға жуық басқарды", - деп жауап берді Дархан Сатыбалды.

Оның сөзінше, шенеунік облысқа, қалаға пайдасын тигізеді.

"Біздің облысымызға, Түркістанға пайдасы тиеді деп ойлаймыз, оның құрылыс комитетінде жұмыс істеген тәжірибесі бар. Ал оның туысы екенін білгенде, қуанып та қалдық, өйткені осындай әулеттен шыққандықтан, ол жұмысына жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз. Көрейік, оған жан-жақтан көмектесеміз. Ол бізді ұятқа қалдыратын ештеңе жасамайды деп үміттенеміз", - деп түйіндеді сөзін әкім.

Еске салайық, 1 қазанда Түркістан қаласының әкімі ауысты. Бұл қызметке Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалған болатын.

Ол 2023 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2193860-saparbaevtardyng-tuysy-oblys-basshysy-turkistannyng-zhanga-akimi-zhoninde-pikir-bildirdi/