Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңістің 80 жылдығы, тәжік-ауған шекарасы: ҰҚШҰ отырысында қандай құжаттарға қол қойылды

Жарияланған күні:

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысынан кейін мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.

Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті.

Астанада қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.

Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысты.

Соынмен қатар мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясын өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиындаТМД халықтарының мәдени және рухани байланыстарын нығайту мәселесіне баса назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2193885-uzhymdyq-qauipsizdik-kengesining-deklaratsiiasy-qabyldanyp-birqatar-quzhatqa-qol-qoiyldy/