Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Ресей тарабы Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысуға дайын екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Contributor/Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік тарап Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысуға дайын екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Путин Ресей Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысына қатысуы мүмкін екенін, дегенмен ақырғы шешімді Астана қабылдайтынын айтты.

Сондай-ақ Ресей президенті "Росатом" станциялары әлемдегі ең үздік станциялар екенін атап өтті.

Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанда елде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткен еді.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге 7 820 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы қатысқан. Оның ішінде 5 561 937 адам немесе қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген.

Еске салайық, 2022 жылғы маусымда Энергетика министрлігі Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу үшін төрт жеткізуші ұсынылған шорт-лист жасалғанын хабарлады.

2023 жылғы қарашада энергетика министрі Қазақстанда АЭС салатын компанияны қашан таңдайтынын мәлімдеді. Ал желтоқсан айында еліміздегі АЭС құрылысына шамамен қандай қаражат жұмсалатыны мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2193960-putin-resei-qazaqstandagy-aes-qurylysyna-qatysuga-daiyn-ekenin-aitty/