Тоқаев президенттің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.
Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2194406-toqaev-prezidentting-halyqaralyq-ekologiialyq-yntymaqtastyq-zhonindegi-arnauly-okili-zulfiia-suleimenovany-qabyldady/