Вице-премьер Жұманғарин: Қазақстан санкцияларды қолдамайды, оны айналып өтетін ел болмайды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ресейге қарсы санкцияларға қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді - вице-премьер бұл жөнінде ресейлік журналист Павел Зарубинге "Москва. Кремль. Путин" жобасына берген сұқбатында айтты.
"Біз (Қазақстан – ред. ескертпесі), әрине, санкцияларды қолдамаймыз, санкцияларды айналып өтетін ел болмаймыз", - деді Жұманғарин.
Вице-премьер Қазақстанға санкциялық қысым экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін, сондықтан үкімет өз өндірісіне зиянын тигізгісі келмейтінін атап өтті.
"Мәселе мынада, бізде өндірілетін белгілі бір тауарлар бар, олар санкциялық сызыққа түседі. Біз бұл тауарларға ешқандай шектеу қоймайтынымызды айттық, өйткені оның артында үлкен еңбек ұжымдары, кейде – осы өндіріс орындары орналасқан тұтас моноқалалар тұр", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, осы жазда Жұманғарин Bloomberg агенттігіне берген сұқбатында санкция жөнінде пікір білдіріп, отандық компанияларға келгенде Қазақстан Ресейдің кесірінен "санкцияларға көзсіз ілікпейтінін" атап өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2194845-vitse-premer-zhumangarin-qazaqstan-sanktsiialardy-qoldamaidy-ony-ainalyp-otetin-el-bolmaidy/