Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2196210-toqaev-finliandiia-prezidenti-aleksandr-stubbpen-telefon-arqyly-soilesti/