Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кристина Бекмырзаева Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды

Жарияланған күні:

Жаңа мәслихат депутаты
Кристина Юрьевна. Фото: Алматы қалалық мәслихаты

Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" заңына сәйкес, AMANAT партиясының тізімі бойынша мәслихат депутатының бос мандаты Кристина Юрьевна Бекмырзаеваға берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық маслихатқа сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат Әсия Ақанова мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді. Бүгін оның орнына келген жаңа депутаттың есімі белгілі болды.

"Кристина Бекмырзаева өзін жауапты әрі бастамашыл көшбасшы ретінде көрсете білді. Урбанистика, мәдениет және әлеуметтік саясат саласындағы оның тәжірибесі алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өзекті мәселелерді шешуге қажетті болады. Депутаттық корпустың құрамындағы оның жұмысы қала дамуына елеулі үлес қосатынына сенемін", - деп атап өтті Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Кристина Бекмырзаева – еліміздегі жүйелі мәдени және әлеуметтік бастамалардың жетекші көшбасшыларының бірі. Алматы қаласының тумасы, ол өнер саласындағы жоғары білімді О. Тансықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және FH Aachen - University of Applied Sciences оқу орнын тәмамдаған.

2012 жылдан бастап мәдениет, урбанистика және әлеуметтік саясат саласында белсенді жұмыс істеп келеді. Әр жылдары қоғамдық және мәдени ұйымдарды басқарған, "Алматы" галереясын басқарған, сондай-ақ "Almaty Creative" ЖШС қадағалау кеңесінің мүшесі және "Almaty Creative Bureau" шығармашылық бірлестігінің көшбасшысы болған.

Оның портфолиосында қалалық ортаны дамыту мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 100-ден астам жоба бар. Маңызды бастамаларының қатарына:

  • Алматыда комьюнити орталықтарын құру;
  • "Шапағат" және "Әлеуметтік қызметтер үйі" жобалары;
  • Almaty Gallery көркемсурет галереясы;
  • Кітапханалар мен мәдениет үйлерін қалпына келтіру және жаңғырту;
  • Көше өнері жобалары.

Ол 2018 жылдан бері AMANAT партиясының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2196230-almaty-qalasy-maslihatynda-asiia-aqanovanyng-ornyna-zhanga-deputat-sailandy/