Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алмақ
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды қалай қарсы алатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматы секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды", - деп хабарлады Берік Уәли.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылды қалай қарсы алғанын айтқан еді.
"Жаңа жыл – әрине, күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207184-qasym-zhomart-toqaev-zhanga-zhyldy-qalai-qarsy-almaq/