Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Агломерацияға қатысты Атырау мен Қарағанды қалалары аталмай қалды

Жарияланған күні:

Қазақстанның заманауи урбанизацияланған және агломерация мәселесі жедел шешілуі тиіс орталық қалалары ретінде Атырау мен Қарағанды қалалары аталмай қалды.

Орталық коммуникациялар қызметіне келген Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев БАҚ өкілдері тарапынан қойылған осындай сауалға жауап берді.

Агломерация – аумақты кешенді дамытудың стратегиялық құралы. Елбасы өз Жолдауында "елдің басты урбанизация орталықтары Астана, Алматы, Шымкент қалалары болады. Ұзақ мерзімді кезеңде Ақтөбе қаласында агломерация әлеуеті бар" деп атап өтті. Президентіміздің өзі осылай десе, демек, мұның қандай да бір өзіндік себебі бар деген сөз.

"Яғни, бүгінгі күннің талаптары мен мүмкіншіліктері осындай шешімдар қабылдауға негіз болып отыр. Қазіргі кезде біз қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлуді және жергілікті атқарушы органдардың негізгі функцияларын сақтай отырып, Астана мен Алматы агломерацияларын дамыту жөніндегі комиссияны құрудамыз. Сол сияқты Шымкент пен Ақтөбе агломерациялары үшін де осындай комиссиялар облыстық әкімдіктердің негізінде құрылуда", - деді Болат Жәмішев.

"Ал Атырау мен Қарағанды қалаларына келер болсақ, бұлар рас, өндірістік көрсеткіштері жоғары, болашағынан зор үміт күттіретін облыс орталықтары. Дегенмен, агломерация мен урбанизация мәселесіне қатысты мәселелерін шешу үшін келесі кезектегі үміткер-қалалар. Ал не себептен Ақтөбе мен Шымкент қаласы таңдап алынды дегенге келсек, бұл қалалар тап осы күндері осындай шешім қабылдауға лайықты қабілет-қарымға ие", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/298890-aglomeracziyaga-katysty-atyrau-men-karagandy-kalalary-atalmaj-kaldy/