"Мәңгілік ел" терминін Жұбан Молдағалиевтің өлеңімен салыстырды
Жарияланған күні:
Президент өз Жолдауында "ұлттық идея" деп атаған "Мәңгілік ел" терминін тікелей аудармау керек.
Бұл жөнінде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясының Парламенттегі фракция жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Бүгінгі күні Интернеттен "Мәңгілік ел" терминіне қатысты оқығандарымның барлығы бірдей орынды емес. Біреулер ұлтшылдық десе, екіншілері мифтік басым дейді. Сондықтан, өзім де сол көпшілікке жататын орыс тілді аудитория үшін мынаны түсіндіргім келеді: мұнда "Мәңгілік ел" терминінің тікелей аудармасын (Вечный народ) жасаған дұрыс емес. Бұл тым қарапайым аударма. Бұл мәселеде менің түсінігім ақын Жұбан Молдағалиевтің "Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген" деген сөздерімен үндес келеді. Мың өліп, мың тірілген қазақтың тарихы аңыз, миф емес, бұл шындық", - деп атап өтті Азат Перуашев.
Оның айтуынша, біз талай қиындықты бастан кешіргенімізбен, қазір әлемнің өзге елдері арасында мәртебелі орында тұрмыз.
"Біз өз Президентімізбен бірге екі онжылдықтың ішінде экономикасы күшті тәуелсіз мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қараудамыз. Бұл тек қазаққа ғана емес, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанды құрап отырған барлық ұлтқа қатысты.
Сондықтан, мен үшін "Мәңгілік ел" ұғымы "Қайыспаған халық" дегенді де білдіреді", - деді "Ақ жол" партиясының жетекшісі.
Перуашев сондай-ақ биылғы Жолдауды ұлттық мүдделер манифесі деп атады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/299238-mengilik-el-terminin-zhyban-moldagalievtin-olenimen-salystyrdy/