Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Жылдар бойы сақталған достық»: Қос майдандастың ұрпақтары 77 жылдан кейін кездесті

Опубликовано:

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ
Фото: «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ

Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқан екі майдандас достардың ұрпақтары елордада кездесті. Тарихи кездесу «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында өтті.

Бұл оқиға 77 жыл бұрын болған. Екі майдандас дос, ненец Иван Яптик пен қазақстандық Мұхтар Қайшатаев бір-біріне соғыстан кейін қазақ жерінде кездесуге уәде берген екен. «Майдандас достар – Ненец Иван Яптик пен қазақ Мұхтар Қайшатаев Қазақстаннан келген хатты оқып отыр» деген жазуы бар бірге түскен фотосурет әлі күнге сақтаулы.

Жауынгерлер 2-ші Беларус майданының 46-шы атқыштар дивизиясының 340-шы атқыштар полкінің құрамында болған. Өкінішке қарай, екеуі де уәделерін орындай алмай, 1945 жылы майдан даласында қайтыс болды.

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ
Фото: «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ
«Екі ел іздеушілерінің бірлескен жұмысының арқасында қарулас жолдастарының немерелері табылды. Олар 77 жыл бұрын аталары берген уәделерін орындау үшін Қазақстанның бас қаласында бас қосып, осылайша фашизмді жеңген Қазақстан мен Ресей халықтарының бірлігін, уақыт арқылы сақталған құрмет пен сабақтастықтығын көрсетті», - деді «Ямал плацдармы» іздеу отряды» коммерциялық емес серіктестігінің төрағасы Андрей Гуничев.

Іс-шара аясында іздеушілер мен жауынгерлердің ұрпақтары өздерінің қызметтері мен кездесудің тарихы туралы ақпарат береді.

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ
Фото: «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ

Сонымен қатар, Мұхтар Қайшатаевтың туыстарымен кездесу үшін Ресей делегациясының Семей қаласына сапарын ұйымдастыру жоспарланған.

«Отан тарихын, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін білу – патриотизм және ұлттық бірегейлікті жаңғыртудың негізі. Қазіргі уақытта тарихи сананы қалыптастыруға, мемлекеттілікті және қазақ халқының ұлттық бірегейлігін нығайтуға ерекше мән беріліп отыр», – деді «Атамның Аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Іс-шараны «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі, «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Нұр-Сұлтан» ардагерлер кеңесі және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905831-zyldar-boiy-saqtalgan-dostyq-qos-maidandastyn-urpaqtary-77-zyldan-keiin-kezdesti/

pixel