RU

Әлеуметтік жоба: «Қазақстан волонтерлар лигасы» онлайн сауалнама жүргізді

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ
Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ

2021 жылдың сәуір айында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Халықтың денсаулық және инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) тәуекел факторларына қарсы күрес мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында, еліміздің барлық аймақтарының 16 мен 69 жас аралығындағы тұрғындар арасында онлайн сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманың басты мақсаты: халықтың медициналық сауаттылық деңгейін анықтау және алынған мәліметтер бойынша кешенді жұмыс жүргізу.

Аталған сауалнама Google forms платформасында жүргізіліп, еліміздің 17 аймағынан 1127 респондент қатысты.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ
Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ

Төмендегі берілген инфографикаларда 21 сұрақ бойынша белгіленген жауаптармен танысуға болады.

Әрбір сауалнаманы толтырып, белсенділік танытқан азаматтарға дәрігерлердің дайындаған жүрек-қан тамырлар, эндокриндік, зәр шығару және тыныс алу жүйелері бойынша профилактикалық, диагностикалық шаралар бойынша chek-up парағы сыйға тартылды.

Нәтижесінде, «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры жобаның мақсаттары мен міндеттерін орындау аясында халық арасында кең таралған ауруларға және медицина саласының өзекті мәселелеріне арналған 16 инфографикалар, 8 видеоролик, 16 тікелей эфирлер мен қоғамдық тыңдаулар өткізді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ
Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ
Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ
Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ
Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЛИГАСЫ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/press-relizy/1942293-aleumettik-zoba-qazaqstan-volonterlar-ligasy-onlain-saualnama-zurgizdi/