Тәуекел Мүсілім өзінің бойынан мін таба алмады
Жарияланған күні:
Танымал тележүргізуші, актер Тәуекел Мүсілім көпшілікке беймәлім қырларын айта отырып, жағымсыз жағына келгенде бойынан еш мін таба алмады, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.
Актер өзінің өмірін баяндай отырып, бойындағы кемшілігі ретінде бір жағдайды ғана сөз етті.
"Досымның ұялы телефонын басқа жігіттер алып қойып, солармен ерегісіп қалдық. Сөз өтпегендіктен, жағынан тартып жібердім. Басқа ештеңе есіме түспей отыр. Осындаймын енді", - дейді Тәуекел әңгімесінде.
Алматыда туып-өскен Тәуекел Мүсілімді отбасында жастайынан анасы тәрбиелеген. Кішкентай кезінде ұрыншақ болған актердің әлі күнге дейін денсінде тыртықтар көп екен.
Үйінде ер адамның тәрбиесін көрмегендіктен, актер мектеп қабырғасында жүргенде, футболды да, жүзу мен күресті де тастап кеткен.
"Мүмкін сол кезде үйде бір ер адам болғанда, ол менің футболды тастамауға себепші болар ма еді. Анам мені әрқашан қолдағанмен, әйел адам ондай нәрселерді түсіне бермейді ғой", - дейді Тәуекел.
Қазір басы бос әртіс жолықтырғысы келетін бойжеткеннің қандай болу керектігін сипаттап берді.
"Бойы қысқа болмау керек, 170-тен жоғары, оқыған, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, тәрбиелі, салт-дәстүрді білетін қыз болуы қажет. Шашы міндетті түрде ұзын болу керек. Үлкенді сыйлай білетін. Көзі ашық, санасы ояу, қылықты, әдемі болу керек", - дейді актер.
"Сосын, бір қалыпта қала бермей, талпынып, ізденіп, дамып отыру керек. Жұмыс істеймін десе, тыйым салмаймын. Тек үйдегі шаруаны, отбасын екінші орынға ысырып қоймаса болғаны", - деп толықтырды сөзін Тәуекел.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1007576-tauekel-musilim-ozininh-boyynan-min-ta/