Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық шоу-бизнесте сырға таққан жігіттер кімдер? (фото)

Жарияланған күні:

Қазақстан шоу-бизнесінде жігіттердің сырға тағып өнер көрсетуі халық пікірін екіге жарды. Бәз біреулер қазақ азаматына жат қылық десе, енді бірі сахналық образ деп қорғауға көшкен.

NUR.KZ baistars.kz-ке сілтеме жасап, қазақ өнер сахнасындағы "сырғалы" жігіттердің тізімін ұсынады.

Парвиз Назаров суретші мамандығын оқып бітірсе де, музыкалық жолды таңдаған. Душанбе қаласынан Алматыға келіп, 1994 жылы қарындасы Ситорамен бірігіп, дуэт құрады. Дуэтті халық жылы қабылдағанымен, ғұмыры ұзақ болмайды. Десек те, Парвиз жеке әншілігін жалғастырады.

Жас әнші Әли Оқапов та сахнаға шыққан алғашқы кездері сырға таққан. Оның бұл әрекетін Халық әртісі Роза Рымбаеваның баласына жат қылық деп сөгушілер болды. Бірақ қазір Әли сырғасын тастады.

Тележүргізуші, продюсер Максим Акбаров бір кездері биші болған. Бірақ шоу-бизнесте өзінің орнын тапқан журналистердің бірі. Кейін отандық "Сказ о розовом зайце" деп аталатын фильмге түсіп, актерлік қырынан да танылды. Қазіргі кезде Максим Акбаров «Қазахфильм» киностудиясының PR-директоры болып қызмет атқарады.

"Орда" тобының солисі Ерболат Беделханның жетекшілігімен құрылған "Ninety one" тобының жігіттері де сырға тағып, басы дауға қалды. "Айыптама" әнімен сахнаға шыққан бес жігіттен құралған топ жұрттың қарсы пікіріне қарамай, жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз деп отыр.

"101" тобының құрамында болған әнші Иван Бреусов та сырға таққан. Топ тарағаннан кейін Иван жеке әншілікті қолға алмақ болып, ресейлік "Фабрика звезд" жобасына қатысады. Аталған жоба әншіге ТМД елдері арасында танымалдық әкелді.

"Перекресток" телесериалынан көпшілікке таныс Евгений Жұманов құлағындағы әшекейді әлі тастамады. Театр мен киноны қатар алып жүрген актер тележүргізушілік қырын да байқап көрді.  "Кто возьмет миллион",  «Быстро и вкусно с Евгением Жумановым»  бағдарламаларын жүргізген.

Ресейлік "Хочу к Меладзе" жобасына қатысқан қазақстандық Анатолий Цой да сырға тағады. Жобада жеңіп шыққан әнші қазіргі кезде Константин Меладзе құрған M Band тобының құрамында ән айтып жүр.

Кезінде дүркіреп тұрған "АБК" тобының әншісі болған Ерлан Көкеев те сырға тағушылардың қатарынан. Ол 1994 жылы "Азия дауысы" халықаралық конкурсының дипломанты атанған. Ал 1998 жылы Қазақстан Жастар одағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Қазіргі кезде «Ретро шлягер» дискоклубының бас директоры.

2003 жылы тұңғыш Superstar.kz тележобасының финалисі Роман Ким жұрт назарынан тыс қалды. Дегенмен, 2005 жылы Роман испандық продюсерлік компаниямен келісім шартқа отырып, сонда жұмыс істеуге кеткен әртіс қзіргі кезде Марбелья қаласында қызмет атқарып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1073013-qazaqstandyq-shou-bizneste-syrgha-taqq/