Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасының арқасында елге танылған өнерпаздар

Жарияланған күні:

Шоу-бизнесте халыққа танылуына ата-анасының атағы ықпал еткен жұлдыздар аз емес. Олар балаларының өнер әлеміне қадам басуына алғашқыда қарсы болғанымен, кейіннен қолдау білдіріп жатады.

NUR.KZ Baistars.kz-ке сілтеме жасап, ата-аналарының танымалдылығы өнеріне пайдасы тиген "жұлдызды" балалардың тізімін ұсынады.

Ұлжан Айнақұлова - Әсем Айнақұлова

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлованың қызы Әсем Айнақұлова анасының жолын қуып, әншілікті таңдаған.

Бүгінде «Гүлдер» Мемлекеттік ансамблінің әншісі. «Ең әдемі әнім», «Арнаймын саған», «Қазағым - ай», «Өкпелеме» әндері ел арасында танымалдылыққа ие.

Нұрғиса Тілендиев - Динара Тілендиева

Атақты дирижер, қазақ халқының ұлы сазгері Нұрғиса Тілендиевтің қызы да әке жолымен дирижер болды.

Динара Тілендиева әкесі 1980 жылы Қазақ филормониясы жанынан  құрған "Отырар сазы"  мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінде қызмет етеді.

Нұржамал Үсенбаева - Қарлығаш Мұхамеджанова

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанованың ата-анасы да қазақ еліне танымал тұлғалар. Әкесі- белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов болса, анасы- әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.

Қарлығаш 2008 жылы алғаш рет «Лавэ» фильміне түскен. Содан кейін «Рывок» және «Ирония любви» фильмдерінде шағын рөлдерді сомдап шықты. Басты рөлін 2010 жылы «Сказ о розовом зайце» картинасында ойнады.

Марат Омаров- Зарина Омарова

Танымал әнші Марат Омаровтың қызы Зарина да өнер жолында жүрген қазақтың аяулы қыздарының бірі.

Нәзік дауысымен елге ұнаған Заринаның әндері әсіресе 2000 жылдары танымал болды. Тұрмысқа шыққан соң, отбасына көңіл бөлген әнші сахнаға қайта оралды.

Мұрат Ахмадиев - Ділнәз Ахмадиева

Қазақстанның халық әртісі Мұрат Ахмадиевтың қызы  Ділназ Ахмадиева әкесінің  ізімен өнер жолын таңдаған болатын. Бүгінде Ділназ эстрададағы шоқтығы биік жұлдыздардың бірі.

Кәрім Мұтырғанов - Мұрат Мұтырғанов пен Кәрима Мұтырғанова

Цирк әртістері  Мұрат пен Кәрима да  әкесі Карим Мұтырғановтың жолын  жалғады.

Роза Рымбаева - Әли Оқапов

Қазақтың примадоннасы, күміс көмей әншісі Роза Рымбаеваның тұңғышы - Әли Оқапов. Роза Қуанышқызы баласына үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Әншілік карьерасын «Слэнг» тобынан бастаған Әли Оқапов қазір біраз сатыдан өтті. Тіпті продюсерлік қабілетін де байқап жүр.

Ұлықпан Жолдасов - Болат Жолдасов- Фарида Жолдасова

Әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасовтың қызы - Фарида. Жолдасов мырза ұл-қызының өнерге келуіне ешқашан қарсы болмаған. Керісінше Фариданы бала кезінен сахнаға алып шығып, көрерменнің көзайымы еткен.

Ал ұлы Болат Жолдасов та кезінде "МузАрт" тобында гитара тартып, өнерден құр алақан еместігін көрсеткен еді.

Қанат пен Света Айтбаевтар - Димаш Құдайбергенов

Көптеген халықаралық байқауларда қазақ әнін биіктен көрсетіп жүрген Димаш Құдайбергеннің ата-анасы елге танымал әншілер Қанат пен Света Айтбаевтардың тұңғышы.

Димаштың ата-анасы оның ерекше дауыс иесі екендігін білгендіктен, оның өнерге келуіне еш уақытта қарсы болмаған.

Ермек Серкебаев - Байғали Серкебаев - Жәмилә Серкебаева

Белгілі опрера әншісі Ермек Серкебаевтың балалары - композитор Алмас Серкебаев, "А-Студио" тобының мүшесі Байғали Серкебаев және журналист-жазушы Ирина Серкебаева.

Жәмилә  Серкебаева олардың немере қарындасы болып келеді.

Нағима Есқалиева - Диас Аблаев

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы - Диас Аблаев. Есқалиева ұлының өнер жолына келуіне талай рет қарсы болғанын айтады. Әйтсе де, Диас өмірін өнерден бөле алмаған.

Жанар Айжанова - Айжұлдыз Айжанова

Халықтың сүйікті әншісі Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз да өнерден кенде емес. Айжұлдыз бүгінде көптеген фильмдерге түсіп жүрген актриса.

Жастайынан сахнаға шығып, флейтаны серік еткен бойжеткен қазір дизайнерлік өнерді қолға алды. Ол - Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы студенті.

Лидия Кәденова - Дидар Кәден

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденованың ұлы Дидар Каден де қазақстандық шоу-бизнестегі  "жұлдызды" балалардың бірі.

Дидар анасының көмегіне жүгінбей, өз атын қалыптастыруға тырысып жүр. Ол әншілігінен бөлек, актерлік қаблеті де жоғары екендігін байқатты. Дидар "Шлагбаум" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.

Баян Есентаева - Айсәуле және Айару Бақытбек

Анасының арқасында танымал болған тағы бір отандық шоу-бизнес өкілі деп Айсәуле Бақытбекті айтуға болады. Ол - белгілі продюсер Баян Есентаеваның қызы.

Айсәуле өзін осыдан бірер жыл бұрын шыққан “Мамамия” телешоуының жүргізушісі ретінде сынады. Сонымен қатар ол анасының түсірген телетоптамаларының бірінде екінші қатардағы кейіпкердің ролін ойнады.

Есентаеваның кіші қызы Айару Бақытбек аспаздық шеберлігімен жұртшылықты тамсандырып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1103785-ata-anasynynh-arqasynda-elge-tanylghan/