Бетіне ботокс жасатқан қазақстандық жұлдыздар (фото)
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнес өкілдері жас қалпында қалу үшін түрлі әдістерге баратынын жасырмайды.
Кейбір өнер иелері сұлулығын сақтау мақсатында бетіне ботокс салдыратынын "Ел аузында" бағдарламасында баяндап берді.
Қуыршақтай болып көрінгісі келетін апалы-сіңлілі Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова заманауи құрылғылардың көмегіне жүгінеді.
"Өзі рұқсат беріп, сұлу болуым үшін күйеуім ақшасын жаратса, неге әдемі болмасқа? Мен бетіме күтім жасауды тоқтатпаймын", - дейді продюсер Мұхитденова.
Ал Есентаева әйелдің бет терісі жақсы сақталмаса, ешқандай ботокстың көмектеспейтінін алға тартты.
"Әйел 30-35 жастан асқан соң, ешқандай жақпамай бетке көмектеспейді. Әрине, амалсыздан ботоксқа жүгінесің. Бірақ, ботоксты жылына 2 реттен көп қолдануға болмайды. Сапалы ботокс 8-9 айға дейін сақталуы тиіс ", - дейді Баян.
Ал Майра Ілиясова ботокс екпесін концерт алдында бір-екі рет жасатып алғанын сөз етті. Беті тартылып, көрермен алдында жарқырап шыққысы келген әнші осындай қадамға барғанын айтты.
Әнші Жазира Байырбекова ботокс жасатуға бір рет оқталып, ойы жүзеге аспай қалғанына қуанады. Өйткені отағасы Жанболат әншінің бұл ойын біліп қойса, еш құптамас еді.
Меруерт Түсіпбаева бетін ботокспен тарттырып, үйге барған соң, айнаға қарап, бет бұлшық еттерінің қимылдамайтынын көріп, әбден шошынған. Тіпті мұндай екпенің салдары ауруға шалдықтыратынын білген әртіс ботокстан құтылудың амалдарын іздестіріпті және енді ондай әркетке аттап баспайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1105330-betine-botoks-zhasatqan-qazaqstandyq/