Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болманов: Біреу "Ұлытаумен" әлем аралайсың десе, "кекештеніп" қалар ем

Опубликовано:

Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобымен бастаған 15 жыл бұрынғы еңбек жолын еске алды.

"Есімде, осыдан "мың" жыл бұрын "Азия дауысы" халықаралық конкурсына шақырылдым. Халықаралық сайыста Қазақстанның намысын қорғау керек деген соң, жан қала ма, енді қандай ән айтсам? дедім. Үлкен сахнаға алғаш шығу өте жауапты, көп ойлануға уақыт жоқ, әлі ешкім қадам жасамаған, осы жыр-термелерді дауылапаз қосып, сахнаға шығарып, бір "эксперимент" жасау көптен ойда жүрген еді", - дейді әнші әрі продюсер Болманов.

"Азия дауысы" дәл келді, конкурс шарты бойынша тек ән айту ғана емес, этника-синтез жасау, ұлттық дүниелерді "форматтау" керек. Атыраулық Нұрым жыраудың термесінен бастадым. Сүгір жыраудың термесіне көштім. "Толқыннан толқын туады" демекші, термелерді "форматтап" жүріп, күйлерді, Құрманғазы, Махамбет, Нұрғисаларды жаңа заманға лайықтап, әлемге неге тыңдатпасқа шіркін... Онда өз жастарымыз да мойындар еді" деген кішкентай ғана ниеттен осы бір үлкен жол басталарын кім білген...", - дейді Қыдырәлі.

"Ол кезде бiреу келiп, "Болашақта сен Голливудтан 86 ел қатыскан әлемдiк сайыстан бас жүлде (Гран-при) әкелесің, бұл жұмысың үшін Англия ханшайымының эксклюзивті орденін аласың, "Ұлытауыңмен" бар әлемді аралайсың", - десе, "кекештеніп" калар ма едiм... Екi жылдан астам тек өңдеумен, форматтаумен айналыстык. Бұрын-соңды үлгiсi болмаған, сондай күрделi дүние болып шыкты. Домбыра дауылпазды танығысы келмейдi, гитаранын да ауылы алыс домбырадан. Рок музыка деген бiздер үшiн алты кырдын астындағы бөтен "әлем" еді", - деп естелігін жаңғыртты әнші Instagram парақшасында.

"Құдайға шүкiр, бiз де қайтқан жокпыз, Алла сәтін салған күні үйлестiрдiк-ау 2,5 жыл дегенде. Сол "Ұлытауымызға" - 15 жыл ! Аллаға сансыз мадақ! Ендi дәм бұйыртып, бүкіл әлемнің жиналған жиынтығы - Біріккен Ұлттар Ұйымының алдында Қазақстан мемлекетінің атынан концерт беруге тағы да Америкаға, атышулы Нью-Йорк қаласына жол тарттық. Алла еліміздің абыройын асқақ қылғай", - деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Бұл жолы да Болманов "Ұлытау" тобымен қазақ өнерін әлемге паш етуді мақсат тұтып, БҰҰ алдында концерт беруге АҚШ-қа аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1105733-bolmanov-bireu-ulytaumen-alem-aralay/

pixel