Бүркіт: Халқымыздың бейбіт өміріне көз тігіп жүргендер молшылық
Жарияланған күні:
Шетелде саяхаттап жүрген әнші Бүркіт Қазақстандағы елді дүрліктірген жер мәселесіне қатысты жеке пікірін білдірді.
Бүркіттің пікірінше, Instagram жүйесiнде бiраз адамдар дау шығарып, сұрақтар қойып, наразылығын білдірген. Солардың ішінде жерге жаны ашыған жандар да бар, онымен қатар, жеке тұлғаларға тіл тигізіп жатқан "батылсымақтар" да толып жатыр.
"Халқым, сабырлык сақтаңыздар!!! Оймен, санамен өмiр сүрiп келе жаткан халықпыз, осы бейбiтшiлiкте сүріп келе жатқан өмірімізді бұзбақшы болып жүрген арандатушылардың соңына да ерудің қажеті жоқ. Ешқандай шеру жақсылыққа әкеп соқпайды! Санамен қадам басыңдар", - деп әнші отандастарын сабырлыққа шақырды.
"Елiм , жерiм, жүректері "қазақпын" деп соғатын ағаларымыз баршылық екенін анық білем! Жеріміз ешқайда кетпейді, жеріміз өзіміздікі!", - деген әнші ұялы телефон арқылы "батыл" пікір білдірушілерге өз жауабын берді.
"Аллах сақтасын, қайталаймын, Аллах сақтасын, ондай күн тумасын. Елімізге, жерімізге жау шауып жатса, атқа мініп, атым болмаса, жаяу жауға қарсы шабатындардың алдыңғы қатарында болатыныма күмәндарың болмасын. Отанды сүю - иманнан", - деді әнші.
Сөз соңында Бүркіт көпшілікке өзге елдің Қазақстанға көз тігіп отырғанын айтып, ескерту жасады.
Еліміздегі халықымыздың аман, бейбіт өміріне көзі түсіп жүрген өзге елдердің "ала көздері" молшылық. Соны ұмытпаңдар! Бейбітшілікті сақтаңдар! Аллахтың қалауымен жүрген, жүрегінде оты бар, ұлы қазақ халқымыз, жамандықтан Алламыз сақтасын және сақтайтынына нық сенімдімін", - деді Бүркіт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1113832-burkit-khalqymyzdynh-beybit-omirine-ko/