Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін өлімші етіп сабаған Баян Есентаеваның күйеуі 7 жылға сотталуы мүмкін

Жарияланған күні:

Күйеуі сабаған танымал продюсер Баян Есентаева әлі де Талғардағы ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Еске сала кетсек, танымал продюсер Баян Есентаеваны өткен жұма күні күндіз күйеуі Құлжа тас жолында Еңбекші ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетінде соққының астына алған. Алдын ала болжам бойынша, ол Баян Есентаеваны қатты ұрып, тіпті ішіне пышақ салған. Осы оқиғадан соң продюсер жақын маңдағы Талғар аудандық орталық ауруханасына түскен.

Дәрігерлердің сөзінше, Баян Есентаеваны ауруханаға жедел жәрдем каретасымен емес, өз көлігімен күндізгі сағат 12:15-те жеткізген көрінеді. Ауыр хәлде келген науқасқа ақ халаттылар дереу ота жасапты. Қазір Баянның жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ екен. Дәрігерлер оның шамамен әлі 10 күн ауруханада болатынын айтты.

"Қазіргі кезде Баян Есентаева жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр болып саналады. Бассүйек-ми жарақатын алған және мұрны сынып, сол жақ көзі қансыраған. Іші суық қарумен жарақаттанған. Отадан соң есін жиды. Он шақты күнде жазылуы мүмкін",- деді Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Алматы облысы Ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметінше, қазір әйелін өлімші күйге түсірген Бақытбек Есентаев уақытша қамауға алыныпты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары оның үстінен Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша, яғни "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқан көрінеді. Бұл бап бойынша қылмысқа барған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Баян Есентаеваның сіңілсі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Баян Есентаеваның күйеуі туралы не білеміз? (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1158578-ayelin-olimshi-etip-sabaghan-bayan-esent/