Өмер мен Дефне өмірде жұп па?
Жарияланған күні:
Соңғы бір-екі жыл көлемінде «Қыз ақысы» атты телехикая қазақ көрермендерін өзіне баурап алды. Көпшілік үзбей көріп, Өмер мен Дефненің махаббатына тамсанып, қызыққа толы хикаяларын сүйсіне тамашалайтын туындының басты кейіпкерлері жайлы ikerim.kz сайты жазды.
Түрік актрисасы 1985 жылы 13 тамызда дүниеге келген. Балалық шағы Түркияның Измир қаласында өткен. Оның сырт келбеті, қызыл қоңыр түсті шашы, аппақ өңі, сұңғақ бойы өзгелерден ерекше етіп тұрады.
Мұның себебін Эльчиннің бойындағы кавказ қанымен байланыстыруға болады. Оның ата-бабалары ежелгі Черкасияда тұрған, яғни, Эльчиннің ұлты – черкес.
Бұл оқу орнында оның ерекше сырт келбетін курстастары ғана емес, киностудия агенттіктері де байқайды. Бірнеше рөлдерге де ұсыныс алады. Сөйтіп, Эльчин Сангу «Құнсыз уақыт» кинокартинасына түсу мүмкіндігіне ие болады.
Ол дебюттік туындысында жиі қобалжып, камера алдында біраз сасқалақтағанымен, рөлі өте сәтті шығады. Сәтті образ Эльчинді шабыттандырып, өз-өзіне деген сенімін нығайтады.
Актрисаның қазіргі таңдағы атағын еселеген тартымды рөлдерінің бірі – «Қыз ақысы» сериалындағы Дефненің образы.
Барыш Ардуч
1987 жылы 9 қазанда Ыстамбұл қаласында дүниеге келген. Ауқатты отбасында өскен ол мектепті үздік аяқтайды. Спортқа жаны құмар Барыш спорт академиясына оқуға түседі. Бірақ бір жылдан соң оны оқудан шығарып жібереді.
Сөйтіп, ол консерваторияға түседі. Осыдан кейін оның өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылығы ояна бастайды. Актерлік шеберлігін жетілдіріп, ағылшын тілін меңгереді. Қазіргі таңда ол ағылшын тілінде еркін сөйлейді.
Сонымен қатар, спорт залдарына да баруды ұмытпайды. Бос уақытында футболмен, жүзумен, дайвингпен айналысады. Оқуын тәмамдаған соң Барыш өзін түсірілім алаңында сынап көруге бел буады.
Жас актер өзінің жеке өмірі жайлы әзірге жария қылмай, романтикалық қарым-қатынасын құпияда ұстап келеді. Бірақ БАҚ өкілдері мен актердің жанкүйерлері оның актриса Гюпсе Озаймен кездесетінін анықтаған.
Жас жұптың кездесе бастағанына бір жылдан асқан. Жанкүйерлері бұл ақпаратты олардың үнемі бірге қыдырып, бірге жүретінінен, суреттерінен байқаған. Гюпсе Озай екеуі «Делиха» фильмінде басты рөлдерді сомдаған.
Тағы оқыңыздар:
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясын шақыртуды тапсырды
"Меломен" тобының әншісі әке атанды
Алматы облысындағы ойын-сауық орталығында оқ атқан жігіт ұсталды
Сондерс Головкинге бос сөйлей бермеу керектігін ескертті
Қытай елшісі: «Қытайлық қауіп» туралы әңгіме негізсіз
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1446965-omer-men-defne-omirde-zhup-pa/