Димаштың атасы мен әжесі NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді (фото)
Жарияланған күні:
Димаш Құдайберген 23 жасқа толған күнін алғаш рет ата-әжесінен шалғай жерде тойлатты. NUR.KZ порталының тілшісі танымал жұлдыздың атасы мен әжесіне барып қайтты.
70 жастағы Миуа апа толқығаннан ұйықтай алмай, таң атқанда Димашқа қоңырау шалған.
"Ол өзінде бәрі жақсы екенін айтты. Фанаттары барлық жерде құттықтап жатыр. Оның даусын естіп, тыныштандым. Димашқа уатсап арқылы құттықтау жібердім", - дейді ол.
Миуа апа Димашты бала кезінен өзі тәрбиелегендіктен, Димаш оны "мама" деп атап кеткен.
"Ол кезде Димаштың анасы университеттің бірінші курсында оқып жүрді. Мен келініме көмектесуге бел будым. Балаға қырық күн тола салысымен оның тәрбиесін өз қолыма алдым. Бесікке жатқызып, тамақтандырып, жуындырып жүрдім", - дейді Миуа апа.
Димаш бала кезінен сахнамен және музыкамен таныс болды. Ол ата-анасымен концерттерде болып, олармен бірге сахнаға шығатын. Балалық шағында дискілермен ойнауды ұнатқан жас әнші бес жасынан бастап балаларға арналған музыкалық студияға барған.
"Студияда фортепиано сабағын Дина Ниязова жүргізді. Ол Димаштың дарынды екенін айтты. Содан бастап мен оны Динаға аптасына үш рет апарып отырдым. Алғаш рет сахнада ән айтқанда Димаш бес жаста еді", - дейді әншінің әжесі.
Миуа апа Димаштың мейірім мен махаббатқа толы ортада өскенін, дегенмен оның еркелігі жоқтығын алға тартты.
"Ол ақкөңіл болып ер жетті. Музыкаға, жүзуге әуес. Өлең шығарып, оларды қарындасы мен ата-анасына арнайтын. Жақынына соңғы жейдесін беруге әзір бала. Қиялда қалғып жүретіндіктен, жиі бірдеңесін ұмытып, жоғалтып отыратын. Мектепте біресе сөмкесін, біресе аяқ киімін тастап кететін. Бұл әдеті әлі күнге дейін бар. Жақында таксиде шетелде сатып алған қымбат костюмін ұмытып кетті. Алайда Димаш соған бола көңілін түсірмеді", - дейді Димаштың әжесі.
Димашты ата-анасы да туған күнімен құттықтаған.
"Біз Димаштың өнерін сүйетіндерден және концертін ұйымдастыруға қол ұшын созып жатқан Мәдениет министрлігінен үлкен көмек алып жатырмыз. Оларға қолғабыс болып, махаббаттарын төккендері үшін алғыс айтамыз", - дейді Димаштың әкесі Қанат Құдайбергенұлы.
Еске салсақ, Димаш Құдайберген 24 мамыр күні туған күнін тойлаған болатын.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Тағы бір лауазымды тұлға 3 млрд қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды
Әйгілі Сталиннің немересі қатерлі ісіктен қаза тапты
Тамара Асардың үздік 10 образы
Алматы облысында жолдан өтпек болған оқушы қыз асфальтқа жабысып қалды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1503210-dimashtynh-atasy-men-azhesi-nur-kz-portalyna-e/