Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес жыл бойы сәбилі бола алмаған "Жігіттер" квартетінің әншісі әке атанды

Жарияланған күні:

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек бес жыл күткен сәбиінің алты ай бұрын дүниеге келгенін айтты. Әншінің отбасында кесте тігер дүниеге келген деп хабарлайды Mm.kz радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Аллаға шүкір, үйленгеннен кейін бес жылдан соң қызды болдық. Оның аты - Малика. Өте үлкен қуаныш, Алланың берген нығметі. Қазір жақсы үйде. Тісі шығып, ыстығы көтеріліп, қуанышымыз болып жатыр",-дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Алакөлге баратын жолдың нашарлығынан әнші Айқын бүйрегін ауыртып алды (фото)

Айдар жұбайы екеуінің сәбилі болуын бес жыл күтіп, медицинадан көмек болмаған соң, Алладан дұға тілеп, төрт рет Кіші қажылыққа барғанын жеткізді.

"Мен төрт рет Кіші қажылыққа ұрпақ сұрауға бардым. Бес жыл деген түсінген адамға аз уақыт емес. Өзімде жас емеспін, 33-ке келдім. Бірінші рет жалғыз бардым, одан кейін әйелім екеуміз бардық. Әрбір істе жақсылық бар ғой. Бұл уақыттың ішінде Алладан көп сұрадық. Бізге жақсы бір кісі демеушілік жасап, қажылыққа жіберетін болды. Бірақ, тура ұшуымызға бір апта қалғанда жарымның жүкті екенін білдік. Осылайша жарым бара алмай, бірақ өзім қуанышыма сыймай қажылыққа кеттім",-дейді ол.

Айдар бес жылы ішінде жұбайы екеуінің қаралмаған дәрігері қалмағанын, соңында тек жаратушыдан дұға сұрап, сәбилі болғандарын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1580761-bes-zhyl-sabili-bola-almaghan-aydar-turgh/