Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмедегі Бақытбек Есентаевқа сағыныш хатын жазған қарындасы оқырмандарын жылатты (фото)

Жарияланған күні:

Атышулы продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасына жазған жүрекжарды хатын желіде жариялап, оқырмандарын жылатты.

"Ағатайым менің, әбден сағындым асқар тауымды! Кішкене кезінен өте салмақты, ақылды, адал,өте тазалық сүйгіш, қалжынбас, спорт десе жанын беретін бала болатын. Бала боп ешқашан әке-шешемізге жаман сөз естіртіп көрген емес. Мектепте, әскерде жүргенде спорт жағынан, тәртібі жағынан тек Мақтау қағаздары келіп тұратын артынан. Мен кішкене кезімнен ағамды мақтан тұтып өстім. Балалық шақ қызық қой, қазір есіме түссе күлкім келеді. Ағатайым Чехословакия да әскерде болғанда мен айына 2-3 рет хат жазам. Сонда хаттың ішіне әскерде қарны ашып қалмасын деп 50 тиын, 1 рубль деген темір ақша салып жіберетінмін. Сол кезде не деген жындымын. Ол тиындар ауыр конверт көтермей тұрады. Соны ауылдың хат тасушылары алып тастайтынын, тиын салуға болмайтынына миым жетпеген ғой. Тағы ол тиындарды күнделікті мектепке пирожки алып жеуге берген тиындарды ұстамай жинап салатынмын ғой. Қазір балаларыма айтып күліп аламыз", - деп жазады балалық шағын  еске алған Нағима.

Ол өзінің балаларының нашағы ағаларын қатты жақсы көретінін де жазған.

"Менің ұл- қызым да нағашы ағаларын жақсы көреді. Осы уақытқа дейін ағатайымдай қамқоршы жанашыр жан болған емес өмірімде. Әкеміз құшағында қалған төрт жетімді  қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай өсіріп жеткізсем екен деп күндіз-түні тынбай еңбек етті",-дейді ол.

Тағы оқыңыздар:Ерке Есмахан хит болған "Қайдасың" әнін өзге тілден "ұрлағаны" рас па? (видео)

Нағима әкесінің Бақытбекті ерекше жақсы көргенін, балаларының ішінде оған ерекше үміт артып, ақылшы тұтқанын да жеткізді.

"Әкеміз балаларының ішінде Бақытбекті ерекше жақсы көріп, үлкен үміт артты. Ағатайым әкемнің сенімін ақтап, ақылды болып өсті. Екі жоғарғы білім орнын бітірді. Әкеміз үнемі бізге айтып отыратын "Жарығым, менің осы ұлым. Бәрің осы ұлымның ақылын тыңдап, осы ұлымның шешімімен жүріңдер" деп. Содан бері үлкенімізге де, кішімізге де ақылшы, қамқоршы болып жоғымызды бар етіп, барымызды асырып қашан да жанымыздан табылып,  қолұшын беріп келді. Өмірінде осындай жағдайға ұшырайды деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бірақ бұл да бір сынақ шығар біздін әулеттің басына берген. Бір күні қуанышпен  қауышатын күндерімізге де жетерміз. Сіздер маған ренжімеңіздерші неге жаза береді деп. Уақыт өткен сайын ағама деген сағынышым ұлғайып, жаным ауырып жүр. Сіздерге жазып ішімдегімдіні шығарып алсам, бір жеңілдеп қалғандай боламын",- деп жазады Баянның бұрынғы қайын сіңілісі.

Тағы оқыңыздар: Белдемше киіп алған Әлішер Кәрімов елді есінен тандыра жаздады (фото)

Нағиманың хатын оқыған желі қолданушылары көздеріне жас алып, жүректерінің ауырғанын жазған. Көпшілік Бақытбектің әлі жас екенін, отбасына әлі-ақ оралатынын айтып, қарындасына жұбатуларын аямаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1595754-turmedegi-baqytbek-esentaevqa-saghyn/