Кішкентай Асанәлінің әкесіне арнаған әні көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ халқының ең сүйікті актерларының бірі Асанәлі Әшімовтің кішкентай ұлының есімі де, тегі де тура әкесінікіндей. Актердің екінші жары қазақ киносының Бекежаны атанған Асанәлінің аты өшпесін деп ұлдарына әкесінің есімін берген. Бүгінде үлкен жігіт болып қалған Асанәлінің әкесіне арнаған әні тыңдармандарының жүрегін елжіретіп, көзіне жас келтірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Биыл 80 жылдық меретойын тойлаған актердің кешінде кішкентай Асанәлі әкесіне арнап ән шырқаған. Бүгінде сол әнге жасалған видео суреттер желіні шарлап жүр. Актердің отбасылық суретін көріп, кішкентай Асанәлінің әнін естіген тыңдарман сүйікті актерларының ұлының өнеріне сүйсінді.
"Иә, жаным сенің әкең ең жақсы адам, батыр да мықты адам. Сенің қызығыңды көріп ұзақ жасауға жазсын алла тағала,ғұмырлы бол!", "Сенің əкең шынымен- ақ ең жақсы Адам! Сен бақыттысың!", "Мына әнді тыңдағанда жүрегім ауырғаны-ай, марқұм әкем есіме түсіп кетті", "Текті адамның ұрпағы емес пе?! Тіл-көзден аман болсын!",- деп жазып жатты желі қолданушылары.
Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас шашын тақырлап алып тастайтынын айтты (видео)
Кішкентай Асанәліні көпшілік әкесінен айнымайды деп жатады. Бір сұхбатында актер ұлының орыс тіліне мүлдем шорқақ екенін айтқан.
Әртістің екінші жары медицина саласының қызметкері.
Еске салсақ, Екінші рет шаңырақ көтерген Асанәлі Әшімов жетпіске қараған шағында тағы да әке атанып, ұлды болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1618545-kishkentay-asanalininh-akesine-arnagha/