Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел бақыты" бағдарламасын жапқан Ләйлә Сұлтанқызы басқа арнаға ауысты

Жарияланған күні:

17 қазаннан бастап Ләйлә Сұлтанқызы «Хабар» арнасынан тікелей эфиріне шығады. Қоғамдағы түйткілді мәселелердің шешімін табуға бағытталған ток шоу сағат 15.00-де жарыққа шығады. Бүгін біз танымал тележүргізушімен жоба жөнінде тілдестік.

- Сізді көрмегелі көп болды. Көрерменіңіз де сағынып қалған сияқты...

- Сияқты ма, әлде шын мәнінде сағынды ма екен? Кейде мен осы ортадағы сезімді нақ анықтағым келеді. Дегенмен өзім қаншалықты шынайы болсам, көрермендер де соншалықты шынайы деп ойлаймын. Сол себептен сағынғандығы байқалады.

- Сіз қатысқан жарнамалық роликті «Хабар» арнасының эфирінен көріп жүрміз, әлеуметтік желідегі парақшаңызға да «трансфер» жасағаныңызды айтыпсыз. Енді, «Хабар» арнасының жүргізушісі ретінде көреміз бе?

- Ия. Сұраққа толық жауап осы жерде бар. «Трансфер». Неліктен «трансфер» сөзі есіме түсті, осыған тоқталғым келеді. Себебі үйдегі балаларым футболмен айналысады. Яғни, шыны керек футболға қатысты терминдердің барлығы жиі айтылғаннан кейін, сондай-ақ тақырыпқа сай келіп тұрған соң жазған едім. Осы жылы спорт саласында ең талқыға көп түскен мәселе Неймардың ауысуы ғой. Менің де Ұлттық арнадан кетуім тележурналистикадағы «жылдың трансфері» болған сияқты. Әртүрлі пікірлер жазылып жатты.

Біз жүргізушілерді түрлі арнадан көріп үлгеріп қалғанбыз ғой. Айналдырған 10-15 арна болатын болса, кейбір жүргіузшілер барлық арнада жүргізіп жатады. Сондықтан кімнің қай арнада жұмыс істейтіні белгісіз. Бұл жерде «Қазақстан» мен «Хабар» арнасы республикалық арна болған соң көзге қатты көрінген шығар. Қазақстаннан кетер кезде бірнеше ұсыныс алғанымды жасырмадым, жасырмаймын да. Бірақ көңіліме қонымды, өзімнің және жарымның ойынан шыққан ұсыныc осы Хабардан болды. Сонымен қатар маған тек жүргізуші деп қараудың қажеті жоқ, өйткені көптеген жобалардың авторы, продюсері, жүргізушісі өзім болып келемін. Көмектесетін ұжым да бар.

- Жаңа жобаңызға тоқталсақ. Не туралы, форматы қандай? «Әйел бақытынан» өзгешеленетін болар?

- «Әйел бақыты» аты айтып тұрғандай тек әйелдерге арналған бағдарлама болды. Ал «Тікелей эфир» - бұл бағдарламаның атауы, еркін форматтағы ток-шоу. Біздің мақсатымыз қоғам назарына ілінген ерекше оқиғаларды талқыға салу, түйткілді мәселелердің түйінін шешу. Студияда әйелдерге ғана қатысы бар тақырыптар емес, өзекті мәселелер сөз болады. Мәдени және әлеуметтік салалардың барлығын қамтыған, ауқымы кең жоба. Көрермендер қоғамда болып жатқан нәрсенің бәрін экранда көреді деп ойлаймын.

- Идея қайдан келді?

- Көп ойланған жоқпыз. Бірақ арнаның басшыларымен бірнеше рет кездесу барысында осы сынды бағдарламалар елімізде, Қазақстанда өте аз екені байқалды. Әрине әлеуметтік, мәдени, ойын-сауықтық бағдарламалар бар, бірақ кез келген тақырыпты қозғайтын ток-шоулар жоқ. Оның үстіне «Хабар» арнасында көрермендермен байланысқа шығатын тікелей эфирдегі бағдарлама осы ғой деймін. Сондықтан идея арна басшыларына тиесілі, оған бізде өз тарапымыздан көзқарасымызды айтып, жетілдіруге тырыстық. Ортақ ойлардан туған сапалы өнім болар деген сенімдемін.

- Ұзақ уақыт Ұлттық арнада істеген адамға «Хабар» арнасына ауысу қалай екен?

- Жақсы (күлді). Адам үнемі өзіне ыңғайлы жақты іздейді. Өмірінің, жағдайының жақсы болғанын қалайды. Менде сондай жандардың бірімін. Кім білсін, келесі жылы Американың немесе Кореяның бір арнасында істермін. Сондықтан өзіне шек қоймау керек сияқты. Неғұрлым жақсы жобалар жасап, рейтингі жоғары болып жатса, бір жерге байлану мақсат емес. Басында менде де «қалай болар екен, қалай қабылдар екен?» деген қорқыныш болды. Қазір екі-үш айлық демалыстан кейін сезімнің барлығы орнықты, сондықтан ешнәрседен қорқудың, уайымдаудың қажеті жоқ.

- Жаңа кітап жазып жатыр деп естідік... Қандай кітап?

- Жол кесіп айтпай-ақ қояйыншы. Екі-үш айдан бері шығадымен келе жатырмын. Кітаптың майда-шүйде тірліктері өте көп. Бір әріптен қате кетуі мүмкін, бір ой жаңаруы мүмкін, оның жарнамалық пакеті қай уақытта дайын болады дегендей. Яғни бір-біріне шынжыр сияқты байланған жұмыстар өте көп. Сондықтан жақын күндері шығады. Сонымен өмірдің тағы бір белесін артта қалдырамыз, нүкте қоямыз.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1648510-ayel-baqyty-baghdarlamasyn-zhapqan-lay/