Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзатылған қызымен жылап қоштасқан Абай Бегей жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Жуырда ғана тұңғыш қызы Еркені ұзатқан Абай Бегейдің үйіндегі қуаныштың видеосы желіні шарлап жүр. Әнші жылап бара жатқан қызын қимай, әкелік көз жасына ерік берген. Аталған видеоны көрген желі қолданушылары әншімен бірге көздеріне жас алғандарын жазған.

"Көріп отырып, өзім де бірге жыладым. Анасы тірі болса, өзі шығарып салар еді ғой", "Бақытты болсын! Тас жүректер ғана жыламайтын шығар. Абай аға, жалғыз өзі жүріп мынандай қыз тәрбиелеп, ұзату жасап жатқан азамат екен!", "Жарыңыз тірі болғанда, жаныңызда жүретін еді", - деп жазды әншінің тыңдармандары.

Еске салсақ, 24 қазан күні Абай Бегей Ақтау төрінде тұңғышы Еркені құтты орнына қондырды. Тойға әншінің өнердегі әріптестері мен туған -туыстары жиналған.

 

Әнші қызына әкелік тілегімен: "Бақытты бол тілегім, анаңның ізі едің. Бақытты бол қимайды -ау жүрегім" деп ән арнады. 

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1659515-uzatylghan-qyzymen-zhylap-qoshtasqan-ab/

pixel