Отандық жұлдыздар жаңа жылды қалай қарсы алды?(фото)
Жарияланған күні:
Жаңа жыл қарсаңында шоу-бизнес әлемінің жұлдыздары түсірілім, мерекелік кештерде жүрсе, 31 күні көпшілігі өз отбасыларымен бірге болуды қалайды. Олардың арасында шетел асып, теңіз жағасында жүргендер де бар деп хабарлайды NUR.KZ.
Жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі жаңа жыл кешін балаларымен бірге "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешенінде қарсы алды.
Елімізге белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова да құда-құдағиларымен бірге демалыс аймақтарының бірінде жүр.
"Балаларым ата-енелерімен",-деп жазған ол сурет астына.
Жанболат пен Жазира жаңа жылдық кештердің бірінде өнер көрсетіп жүрген суреттерін желіге жүктеді.
Мәдина Сәдуақасова жаңа 2018 жылды отбасымен қарсы алды.
Еліміздегі ең сымбатты жігіттердің бірі Тәуекел Мүсілім жаңа жылда Үнді елінде саяхаттап жүр.
Луина жаңа ит жылында қолына жыл иесін ұстап, отбасы мен жиендерінің ортасында қарсы алғанын жеткізді. Әнші желідегі оқырмандары үшін арнайы видео-құттықтау жолдап, барша тыңдармандарына ақ тілегін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710553-otandyk-zldyzdar-zaa-zyldy-kalaj-karsy-aldyfoto/