Атышулы Ақбота Сейітмағамбет өмірін түбегейлі өзгертпекші
Жарияланған күні:
Үш баласы бар актерге тұрмысқа шығып, кейіннен онымен ажырасқанын жариялап елді шулатқан Ақбота Сейітмағамбет болашақта 180 градусқа өзгеріп, елі мен ұлы үшін қызмет көрсеткісі келетінін желідегі парақшасында айтты.
"Алла қаласа болашақта сіздерді тек жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. Сіздер білесіздер, мен қазір декретте отырғаным мәлім. Болашақта 180 градусқа өзгеріп ұлым үшін, халқым үшін қызмет жасағым келеді.
"Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек"-деп М.Әуезов айтқан екен.
Бабаларымыздың асыл сөзінен сабақ алып, аянбай еңбек етуге бел будым. Кез-келген адам қиындыққа төзе жүріп сабақ алады, жіберген қателерін қайталамауға тырысады. Сондықтан мен болашақта әр қадамымды аңдап басып, қателік жібермей, халықтың көңілінен шығу үшін көп еңбектенгім келеді. Бірақ менің аяулы ана, қазақтың ерке қызы, қарындасы, әпкесі, құрбысы, досы екенімді ұмытпаңыздар. Мен сіздерді жақсы көремін!",-деп жазды ол парақшасында.
Сүйікті әншілерінің жазбасын оқыған желі қолданушылары оның арман-мақсаттарына тезірек жетуіне тілектес екендерін жазып, қолдауларын білдіріп жатты.
"Адам бойындағы ең бір жақсы қасиет - өз қателігін мойындау. Сіздей адам ешқашан мойымайды. Алға қойған барлық арман-мақсаттарыныз орындала берсін!", "Мен сізге сенемін! Алла қолдасын!", "Ақбота, балаңыз үшін сіз мықты болуға тиістісіз!",- деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1712226-atysuly-akbota-sejitmagambet-mirin-tbegejli-zgertpeksi/