Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал әншіге төртінші ұлын тауып берген әйелі елді таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Өткен аптада ғана төртінші ұлдың әкесі атанған Мұқасан Шахзадаев тоғыз ай бойы жұбайының жүкті екенін ешкімге айтпаған. Келіншегі Индира да ет-жақындарына жүктілігі туралы жақ ашпапты. Туыстары жұлдызды жанұяның сәбилі болғанын осыдан бірнеше күн бұрын ғана естіген деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұқасан Шахзадаев төртінші сәбиін перзентханадан шығарып алу сәтінде. Фото: Instagram
Мұқасан Шахзадаев төртінші сәбиін перзентханадан шығарып алу сәтінде. Фото: Instagram: UGC

«Туыстардың өздері де кеше босанғанын естіп, бәрі «шок» болып жатыр. «Қалай ол, қашан?» деп. Жұбайымның туысқандары да, менің туысқандарым да аң-таң болып жатқан жайы бар. Шын мәнісінде жүкті екенін Индира ешкімге айтқан жоқ. Бір жерге барса да кең етекті көйлектер киіп, жасырып жүрді. Балалардың өзі де білмеген. Анасы жеткізді ғой деймін», - дейді Мұқасан.

Бір қызығы Мұқасанның ұлдары да жанұясындағы жағымды жаңалықты жақында ғана естіген. Мәселен елордада білім алып жатқан тұңғышы 20 жастағы Димаш інілі болатынын соңғы айларда ғана біліпті.

Мұқасан Шахзадаев. Фото: Instagram
Мұқасан Шахзадаев. Фото: Instagram: UGC

«Өмірімдегі өте қызықты оқиғаның бірі деп айтар едім. Мен ол кезде Астана қаласында оқып жүрген едім. 2017-ші жылдың қараша айында Алматыға, яғни, үйіме келсем анамның аяғы ауыр екенін аңғардым. Мен ештеңені түсінбей, таңғалып бір орында тұрып қалдым. Содан кейін бірден сұрадым. Сол кезде ғана анам жүкті екенін айтты. Сөйтсем отбасым менің Астанадан келгенімді күтіп, тосынсый жасауды жоспарлағандарын айтты(күледі)», - дейді Мұқасанның тұңғыш ұлы Димаш.

Мұқасанның сөзіне сенсек, жұбайы төртінші мәрте жүкті болған сәтте бойын үрей билеген көрінеді. Тіпті денсаулығына алаңдап, талай таңды ұйқысыз атырған.

«Қанша дегенмен келіншегім жас қыз емес қой. Үш ұлдың анасы болды ол кезде. Төртінші сәбиінде кәдімгідей қорқақтап, күні жақындаған сайын маған: «Ешқайда шығып кетпе, бір жақтан тапсырыс келіп жаста бармашы» деп өтінетін. Тіпті қаланың ішінде де бір жерге кетіп қалсам, қайта-қайта қоңырау шалатын болды. Әйтпесе осы уақытқа дейін менің артымнан қоңырау шалып, қашан келесің деген сұрақтар көп қоймайтын. Осы төртінші де көп сұрақтар қойып, қорқып, үрей пайда болды», - дейді Шахзадаев.

Десек те, қорқынышқа толы күндердің барлығы артта қалды. Әншінің жұбайы төртінші ұлды аман-есен дүниеге әкеліп, күні кеше перзентханадан шықты.

«Бірақ барлығы Алланың қалауымен, ешқандай қиналған жоқ. Көпшілігі: «Келіншегің жас емес, қалай босанды?» деп сұрап жатыр. Мен қалжыңдап: Барлығы жақсы, бұған дейін босанып жүрген әйел ғой. Бәрі ойдағыдай деп қоямын. Аллаға тәубе!», - дейді төрт ұлдың әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1713193-otandyk-tanymal-nsige-trtinsi-lyn-tauyp-bergen-jeli-eldi-tagaldyrdy-video/