Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибігүл Төлегенова марқұм қызын еске алып, көз жасына ерік берді

Жарияланған күні:

Қазақтың маңдайына біткен бұлбұлы, халық артисі Бибігүл Төлегенова жастық шағын сахнада өткізіп, балаларына тиісті дәрежеде көңіл бөле алмағанын айтты. Бүгінде немере, шөбере сүйіп отырғанымен, қызы Мәриямгүлдің қазасы әншінің жүрегінде жазылмас жара қалдырған деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бибігүл Төлегенова. Фото: "Бақытты әйел" бағдарламасы
Бибігүл Төлегенова. Фото: "Бақытты әйел" бағдарламасы: UGC

Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген бұлбұл әнші бүгінде немере және бірнеше шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ол бүгінде қызы Гүзелмен бірге Алматыда тұрады.

“Гүзелім физик, IT технология маманы, Мәриямгүлім Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері болды. Осыдан 11 жыл бұрын жоғалттым. Жүрегі ауыратын. Қызымның артында баласы қалды. Сол Қайратымнан екі шөберем бар. Гүзелімнен бір немерем бар, өкінішке қарай оның баласы жоқ.

Ал Төлегенім театр институтын бітіріп, біраз уақыт қана мәдениет саласында жұмыс істеді.Кейін әкімшілік жұмыстармен шұғылданды. Ал қазір аяғын сындырып, үйде жарамсыз болып отыр. Қазір Гүзелімнің жанындамын. Әрине, менімен өмір сүруге оған қиын болды. Ол - физик маманы, мен - мәдениет саласының маманымын. Үнемі менімен бірге жүруі керек”, – деді халық артисі.

Бибігүл Төлегенова. Фото: Интернет
Бибігүл Төлегенова. Фото: Интернет: UGC

Қызы өмірден өткенде Бибігүл Төлегенова қатты қиналған. Тіпті Мәриямгүлдің түсіне жиі кіретінін де айтты.

«Әрине, Мәриямгүл кеткенде маған қиын болды. Өйткені ол менің қызым ғана емес, екеуміз бірге жұмыс істедік. Көп уақыт сахнаға бірге шықтық, гастрөлдік сапарға да бірге бардық. Сондықтан маған қиын болды. Енді адам деген бәріне шыдау керек қой. Болған іске болаттай берік бол деген. Түсімде үнемі жарқырап, күліп, қасымда жүріп, шығып кетеді. Сонда арғы жақта мені ойлап жатыр екен деп ойлаймын”, – деген әнші жылап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714172-bibigl-tlegenova-markm-kyzyn-eske-alyp-kz-zasyna-erik-berdi/