Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара пиардың арқасында атын шығарған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Жарияланған күні:

Шоу-бизнесте қара пиардың үлкен рөл атқаратыны бүгінде бәріне белгілі. Осы орайда NUR.KZ елімізде танымалдылыққа пиар арқылы қол жеткізген «жұлдыздар» тізімін жасап көрді.

Қара пиардың арқасында атын шығарған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Қара пиардың арқасында атын шығарған отандық жұлдыздар кімдер? (фото): UGC
Осы жолмен атаққа қол жеткізгендер көшін «Kesh You» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет бастап тұр. «Гамур для дур» фильмінен соң Дәурен Айдарқұловпен арадағы байланысын жасырып келген әнші кейіннен шындықтың бетін ашты. Отбасылық өмірін пиарға айналдырып, танымалдылыққа жету жолы деп түсінген ару бүгінде Дәуренмен қайта бас қосқанын немесе түпкілікті ажырасқанын жасыруын жалғастыруда.
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: Интернет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: Интернет: UGC
Айжан Байзақова – өзінің ашық-шашық суреттерімен танылған арудың жеке «Zakova» клубы да бірнеше рет шулы оқиғаға себепкер болды. Атышулы арудың бүгінде Instagram парақшасында 270 мыңнан астам жазылушысы бар.
Айжан Байзақова. Фото: Интернет
Айжан Байзақова. Фото: Интернет: UGC
Әрі әнші әрі рэпер Жан Ахмадиев «Қазақпыз ғой», «Темір қатын» секілді жырларымен танымал. Ол өзін «заманауи жырау» деп те атайды.
Жан Ахмадиев. Фото: Интернет
Жан Ахмадиев. Фото: Интернет: UGC
Замира – «Қалаулым» бағдарламасының атышулы кейіпкерлерінің бірі. Бағдарлама барысында ажырасқан келіншектерге қатысты тақырып қозғалғанда шу шығарған қатысушы.
Замира "Қалаулым". Фото: Интернет
Замира "Қалаулым". Фото: Интернет: UGC
Сиви Махмуди – үнемі пиар жасап жүретін әншінің ең шулы оқиғасы «Соқыр махаббат» фильмі аясында болды. Ол фильмнің басты кейіпкері Ринат Баситовтың қымбат көлігін сындырып, видеоны желіге жүктеп қойды. Ал оқырмандар болса, оқиғаның рас-өтірігін ажырата алмай, сарсаңға түскен болатын.
Сиви Махмуди. Фото: Интернет
Сиви Махмуди. Фото: Интернет: UGC
Аша Матай да жарнамасының арқасында жұлдызы жанғандардың бірі. Ол ұзатылу тойынан бұрын, өнер жұлдыздарымен үнді стилінде кеш өткізіп, шу шығарған болатын. Айта кетейік, Аша Матай бүгінде атышулы «Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі.
Аша Матай. Фото: Интернет
Аша Матай. Фото: Интернет: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714356-kara-piardy-arkasynda-atyn-sygargan-otandyk-zldyzdar-kimder-foto/