Елімізде тренинг өткізетін танымал қыз-келіншектер кімдер?
Жарияланған күні:
Соңғы кездері елімізде қыз-келіншектерге арналған психологиялық тренигтер мен түрлі марафон өткізетін танымал әйелдердің саны күн санап артуда. Олардың көпшілігі елімізге белгілі журналистер. NUR.KZ порталы оқырман назарына тренинг өткізетін қыз-келіншектер топтамасын ұсынады.
Ләйлә Сұлтанқызы – «Менің екінші кітабым», «Әйел» кітаптарының авторы, продюссер, жүргізуші, тележурналист.
Айнұр Тұрсынбаева – айтыскер ақын, бүгінде Қазақстан ұлттық арнасында көрсетіліп жатқан «Әйел» бағдарламасының жүргізушісі. Әлеуметтік желіде тамаша аспаз ертінде танылып жүрген Айнұр бағдарлама барысында түрлі ас дайындаудың қыр-сырымен бөліседі.
Құралай ханым – тұңғыш рет қазақ тілінде семинар, тренинг өткізіп бастаған қазақша әйел, өзін желіде «оқымаған психолог» деп атайды, қалаларды аралап «Сұлу болсын ғұмырың» атты семинар сабақтарын тұрақты түрде жүргізіп жүр. Осы уақытқа дейін Құралай ханымның екі авторлық кітабы жарық көрді.
Жанар Байсемізова – тележурналист, психолог, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы. Бүгінде қыз-келіншектерге арналған семинар сабақтар жүргіздеді, инстаграм желісіндегі парақшасында да тікелей эфирде отырып, әйелдердің отбасылық сұрақтарымен мәселелерін шешуге атсалысады.
Айнұр Асанберді – тележурналист, «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісі, әлеуметтік желіде тікелей эфирде отырып тренингтер мен сабақтар жүргізеді, тіпті желіде арнайы марафон жариялап, бүгінде таңертеңгі жаттығуларды тікелей эфирде желідегі көрермендерімен бірге орындайды.
Құралай Қалиева – «Kayzen» нәзік жандыларды тұлғалық дамыту академиясының президенті, қарым-қатынас туралы сарапшы маман, «Бақыттың кілті әйелде» кітабының авторы. Құралай қазір Қазақстанда алғашқы рет болайын деп жатқан жаңа жобаны қолға алып «Woman Forum 2018» атты форум өткізуге дайындық үстінде.
Кәмшат Бекжігітова – қазақша психолог, «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» кітабының авторы, бүгінде Кәмшат ханым Қазақстаннның қалаларын аралып тренинг өткізіп жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714668-elimizde-trening-tkizetin-tanymal-kyz-kelinsekter-kimder/