Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова: Қызым маған тұрмысқа шығуға рұқсат берді

Опубликовано:

Мақпал Жүнісованың әндерін бәрі сүйіп тыңдайды. Қазақтың ерке қызы атанған өнер иесінің сахнадан бөлек ғұмыры да өзгелерге қызықты. Жұбайы өмірден өткелі жалғыз қызы Мерейді өсіріп келе жатқан әнші қайта тұрмыс құруы мүмкін бе? Бұл туралы comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мақпал Жүнісова. Фото: Интернет
Мақпал Жүнісова. Фото: Интернет: UGC
«Қызым менің – сырласым. Мерей екеуіміз бір бөлмеде ұйықтаймыз. Өмір туралы, өнер туралы, білім туралы басқа да тақырыптағы әңгімелерді айтамыз. Кішкене күнінде ол менің өзге еркекпен көңіл жарастырғанымды қаламады.
Мерей енді мектеп табалдырығын аттаған кезде осы тақырыпта әңгіме қозғадым. «Мерей, егер мен бөтен кісіге тұрмысқа шықсам қалай қарайсың?» дегенім сол еді қызым: «бұл үйге әкемнен басқа еркек керек емес. Маған бөтен папа қажет емес» деп қатты жылады.
Ол кезде енді тұрмысқа шығамын деп жүрген жігіт те жоқ, жай ғана баланың ойын білейін деген едім. Мерейімнің сол сөздері төбемнен суық су құйғандай болды», - деген елдің еркесі сол уақыттан бері бұл тақырыпты қозғамапты.
Мақпал Жүнісова. Фото: Интернет
Мақпал Жүнісова. Фото: Интернет: UGC
Ал Мерей бойжетіп қалған шағында анасын: «Мама, көңіліңіз қалаған азамат болса қарсы емеспін. Қашанғы жалғыз жүресіз?» - деген екен.
Мақпал Жүнісова. Фото: Интернет
Мақпал Жүнісова. Фото: Интернет: UGC
«Қызымның ниетіне алғысымды білдіріп, қазір кеш екенін айттым. Мен бүгінгі күні жалғыздыққа үйрендім. Өзім ер, өзім әйел болып жауапкершілікті арқалауға да бейімделдім. Енді маған бөтен еркектің қажеті жоқ. Оның үстіне Зәкеңнен басқаны сүйе алмаймын”, - деп сөзін аяқтады Мақпал Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715772-makpal-znisova-kyzym-magan-trmyska-syguga-rksat-berdi/

pixel