Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші Қайрат Нұртасты түрік әнін ұрлады деп айыптады

Опубликовано:

Бауыржан Рахымбековтің айтуынша, Қайрат Нұртас оның әнін рұқсатсыз орындап жүр. Ал әншінің анасы әркімге пиар жасап беруден шаршағанын айтты деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Нуртас & Бауыржан Рахымбеков
Қайрат Нуртас & Бауыржан Рахымбеков: UGC
«Кейде біреулерге қара пиар керек болады. Өзім естіп отырып, жағамды ұстағанмын. Біреуден: «Біз қалай пиар жасаймыз?» деп сұраса: «Ол үшін Қайратқа тиісу керек», – депті. Халықтың Қайратты жақсы көретінін біледі. Оған қатысты нәрсеге халықтың шулайтынын біледі. Сондықтан да көбісі Қайратқа тиісіп жататыны рас», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Бірнеше жыл бұрын Бауыржан Рахымбеков түрік әншісі Сердар Ортачтың әнін қазақ тілінде орындауға бел буған. Сөйтіп ақын Құрманай Бақтиярқызына сөз жаздырып, көпшілікке ұсынды. Алайда Бауыржанның орындауында ән хит болмаған. Бірнеше жылдан соң Қайрат Нұртас та ақынға әннің мәтінін жаздыртып алған.

«Бұл түріктің әні. Маған да ұнады. Кезінде Бауыржан Рахымбековке жазып бердім. Кейін Гүлзирадан ұсыныс түсті. Бұл әнді бірнеше адам айтып қойды деп оған ескерттім. Бірақ ол: «Әркімнің өз орындауы бар. Түріктің әні – ортақ ән. Көрейік», – деді. Кейін Бауыржан Рахымбеков те Гүлзираға звондап сөйлескен. Бірақ ол: «Түріктің әні ғой. Біз де жазып көрейік», депті. Шынында Бауыржан оны бір сазгерге апарып жаздырған жоқ», – дейді мәтін авторы Құрманай Бақтиярқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717660-otandyk-nsi-kajrat-nrtasty-trik-nin-rlady-dep-ajyptady/

pixel