Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздарға сахнаға шыққанға дейін көмекшілері қандай жағдай жасайды?

Жарияланған күні:

Көктемнің алғашқы күні Республика сарайында өткен «Ару Көктем» атты концертке арнайы барған NUR.KZ тілшісі әншілердің концертке дейінгі және кейінгі жасалатын жағдайын өз көзімен көріп қайтты.

Фото Серікбол Сайлаубектің instagram парақшасынан алынды
Фото Серікбол Сайлаубектің instagram парақшасынан алынды: UGC

Концертке Айқын, Ғаділбек Жанай, Серікбол Сайлаубек, Серік Ибрагимов, Әбдіжаппар Әлқожа, Қуандық Рахым секілді көптеген әншілер қатысты.

Концерт басталмастан бұрын әншілер арнайы берілген киіну бөлмелеріне арнайы ваза толы жеміс-жидектер мен минералды су қойылады. Содан соң әрбір әншінің арнайы көмекшілері келіп, сахнаға шағатын костюмді әзірлеп қояды.

Халық алдына шықпастан бұрын бет-әлпетіне аса мән беретін әншілерге арнайы грим және шаш үлгісін жасайтын мамандар да алдын ала келіп күтіп отырады.

Осы дайындықтан соң әншінің өзі келіп, сахнаға шығуға әзірленеді. Тіпті, кейбір әншілердің көмекшілері ән орындағаннан кейін терлеп келген әншінің терін сүртумен әлек болып жатады. Мәселен, Серікбол Сайлаубектің көмекшісін ерекше байқадық.

Аяқ-киімдеріне дейін сүртіп әзірлеп қоятын «көмекші» барлық әншінің жанында жүреді десек болады. Қуандық Рахымның көмекшісі әншіден сұхбат алуға тырысқан журналистерден сұрақтарды алдымен өзіне қоюды талап етті.

Концерттің ең қызықты сәті әртістер сахнадағы міндетін орындап болғаннан кейін басталды. Арнайы бөлмеде дайындап қойылған ішімдікті ішіп, кейбір масайған "жұлдыздар" концерттің финалында сахнаға мас күйінде шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719674-otandyk-zldyzdarga-sahnaga-sykkanga-dejin-kmeksileri-kandaj-zagdaj-zasajdy/