Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі әншімен не үшін ажырасқанын жайып салды
Жарияланған күні:
«Нұрлан мен Мұрат» тобының мүшесі Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейінгі өмірі мен отбасылық қиындықтары жайлы жан сырымен бөлісті деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Айман Нұразхан өзін бір күнде үш қызымен тастап кеткен күйеуін кешіргенін айтып берді.
«Мен ол кісімен ажырасқаныма төрт жыл өтіпті. Қазір ол кісіні кешірдім. Мұратқа қазір тек қана бақыт тілеймін. Оның бүгінде бір қызы, ұлы бар. Менің де үш қызым бар. Өмірде бәрі болады. Өмір осынысымен қызық. Қыздарым бұрын әкелерін қатты іздейтін, сұрайтын. Қазір олай жасамайды. Себебі, әкелерінің іздемейтінін, хабарласпайтынын білді», - деді Айман Нұразхан.
«Ол кісінің соңғы уақытта өнерінде, келбетінде өзгерістер орын алғанына жаным ашиды. Біз он жылдан аса бірге тұрған уақытта Мұрат мүлде басқа адам болатын. Осы төрт жылда бір рет қана атам хабарласты. Ұзақ сөйлестік. Менің қыздарымды сағынғанын айтты. Мен ол кісілерді көрсем, әлі күнге сәлем саламын", - деп ағынан жарылды Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі.
"Ешкім ажырасамын деп тұрмысқа шықпайды ғой. Біздің ажырасуымызға, үшінші адамның араласуы себеп болған шығар. Күйеуім қайтып келген күнде де, мен оны қабылдай алмаймын. Өзгеге тұрмысқа шығатын ойым да жоқ. Себебі, менің алтындай үш қызым бар. Соларды өсіруім керек. Олар менің өмірімнің мәні", - деді ол.
Сондай-ақ, Айман Нұразхан бұрынғы күйеуімен төрт жыл бірге оқығанын, жол апатынан соң екеуінің арасында сезім басталғанын айтып берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721970-mrat-kozany-bryngy-jeli-nsimen-ne-sin-azyraskanyn-zajyp-saldy/