Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкпар тартып, ат үстінде жүрген Нұржан Төлендиев көпшілікті таң қалдырды

Опубликовано:

Желіде белгілі артист, «Алдараспан» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Нұржан Төлендиевтің көкпар тартып, Заттыбык Көпбосынұлын ат үстінде құттықтап жатқан видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Көкпар тартып, ат үстінде жүрген Нұржан Төлендиев көпшілікті таң қалдырды
Көкпар тартып, ат үстінде жүрген Нұржан Төлендиев көпшілікті таң қалдырды: UGC

Instagram әлеуметтік желісіндегі videogram_kaz парақшасында көпшілікке «Тука» есімімен белгілі болған Нұржан Төлендиевтің ат үстінде жүріп, көкпар тартқан видеосы пайда болған. Бейнежазбада сықақшының «Зәкең бқайда?» «Заттыбектей ұл қазаққа көп болмайды» деген сөздерінен, оның белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы ұйымдастырған көкпарға қатысқанын білуге болады.

Желі қолданушылары Нұржан Төлендиевтің көкпар тартатынын алғаш көргендіктерін айтып, таңданыстарын жасырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722592-kkpar-tartyp-at-stinde-zrgen-nrzan-tlendiev-kpsilikti-ta-kaldyrdy/

pixel