Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дильназ қайда?: Банктің ашылуында ән салған Дильназ Ахмадиева мүгедек балаларға келмей қалды

Жарияланған күні:

Бірнеше күн бұрын Ақтөбеде отандық банктердің бірі өз филиалын ашты. Банк филиалының ашылуына эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиева қатысып, көпшіліктің көңілін көтерген. Алайда, түске дейін банктің ашылуына ән салған Ахмадиева мүгедек балалардың алдында ән салуға келмей қалды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева: UGC

Банктың ашылуында ән айтып, ортаға шығып би билеген әнші каникул кезінде мүгедек балаларға арналған концерттік бағдарламада өнер көрсетуге келіскен. Соңында денсаулығына байланысты балалар алдына шыға алмайтынын айтып, сәлемдеме жіберіпті.

400 көрермен жиналған залда мүгедек балалар мен олардың аналары 100 минут бойы әншіні күткен.

Әбден мазасы кеткен "ерекше" балалар да, аналары да әншіні бір көруге зар болып, концерттік залда тапжылмастан отырды. Бұл туралы Ақтөбелік шоумен Рамис Халиуллин жеке парақшасына жариялаған. Ол өзі жүргізуші болған шарада балалардың Дильназ Ахмадиеваны жәудіреп күтіп, қайта-қайта сұрағанда ұялғанын жазыпты.

"Қайырлы, күн, жазбамды оқыңыз, біле жүріңіз. Бүгін Ақтөбеге Қазақстан эстрадасының әншісі келді. Әртіс банктің ашылуына қатысқаннан кейін аяқ астынан сырқаттанып қалған. Ол банктың салтанатты ашылуына қатысып, ән де айтып берген.

Ал филармонияда әншіні мүгедек балалар мен аналары күтіп отырды. Ерекше балалар алдында әншінің уәдесі орындалмай қалды. 2018 жылды Ақтөбе облысында балалар жылы болып жарияланғанын естіген әнші өз еркімен ән айтуға келіскен...

Осы уақытта 100 минут бойы 400 адам әншіні күтіп отырды. Халықтық балалар ансамблі ән айтып жатыр, айтып жатыр. 16 ән шырқады. 10 минут сайын менен «Дильназ қайда?» деп сұрай береді.

Балалар каникулдарында уәде етілген Алматыдан келетін қонақты қатты күтті. Осылай кештің соңына жеттік. Жергілікті өкілдері келіп, әншінің ауырып қалғанын, оған кешіріммен және түсіністікпен қарауды сұрады. Аха. Жазылып кетіңіз «Қайда» қыз.

Күннің басты адамы –Ләззат Мерболатовна болды. Жас таланты әншілерге басшылық етіп жүрген бұл адамды естеріңізде сақтаңыздар. Ақтөбелік таланттарға және олардың ата-аналарына үлкен құрмет! Жас таланттар көрермен үшін жұмыс жасады.

Мен өз әсерімді жазып отырмын. «ФУ» "Қазақстан эстрадасының өкілдері қайда? Бұл жазбаны сыпайы түрде жазып отырмын. Жоғарыдағылардың бәрі менің жеке пікірім, бұлай қалдыруға болмайды", - деген Рамис Халиуллин.

Шоумен қайырымдылық шараларында алдап кететін эстрада жұлдыздарына емес жергілікті өнерпаздарға құрмет көрсету керектігін жазған.

NUR.KZ тілшісі осы жағдайға қатысты Дильназ Ахмадиеваның менеджеріне хабарласқан болатын. Алайда, менеджер телефон тұтқасын көтерген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724365-dilnaz-kajda-bankti-asyluynda-n-salgan-dilnaz-ahmadieva-mgedek-balalarga-kelmej-kaldy/