Карина Абдуллинаның өзінен бірнеше жас кіші күйеулері жайлы не білеміз? (фото)
Жарияланған күні:
Осыдан бірнеше жыл бұрын өзінен кіші жігіттерді ғашық ететінін айтқан отандық әнші Карина Абдуллинаның күйеулері жайлы не білеміз? NUR.KZ порталы әншінің өмірінен маңызды орын алған азаматтардың тізімін жасап көрді.
Әнші өзінің алғашқы күйеуі Болат Сыздықов екенін әзілдеп айтады. Алайда, олар өмірде жұп болған емес. Өнерде бірге еңбек етіп, 1992 жылы "Мюзикола" жобасын құрды. Продюсер өмірден өткенше Каринаның ең жақын досының бірі болды.
Шын мәнінде Карина Абуллина алғаш рет 2004 жылы алматылық ұшқыш жігітпен шаңырақ көтерген. Ол жұбайымен үйленбей тұрып, 4 жыл кездескені де мәлім.
Ал 2007 жылы әнші өзінен бірнеше жас кіші Низами Мамедов есімді жігітке екінші рет тұрмысқа шықты. Карина сүйіктісімен "Меломан" желісінің дүкендерінің бірінде танысқан. Бірақ бұл некесі де ұзаққа созылмай, жұбайлар 2012 жылы ажырасып кетеді.
Ал баласы Альберттің әкесі Артем Арутюнянмен әншінің арасында шынайы махаббат туындап, олар төрт жыл бойы кездесіп жүр. Алайда балалы болатын сәтте ірі мұнай компаниясының қызметкері сәбиден бас тартқан. Әнші мұны енесімен ара-қатынасының жақсы болмағандығынан деп есептейді.
Әнші былтырғы жылы жанармай бекетінде бір жігітті кездестіріп, көзін ала-алмай қалғанын жазған болатын. Осы жазбасынан біраз уақыт өткенде әнші ол жігітті тапқанын айтып, Instagram парақшасына суретін жүктеді.
Инсайдерлердің айтуынша, Карина Абдуллинаның қазіргі сүйіктісі небары 20 жастағы жігіт екен.
Абдуллина сүйіктісін өзі іздеп тауып, екеуінің саяхаттап жүрген суреттерін желіге жиі жариялап тұрады.
Айта кетейік, 2015 жылдың 12 мамырында әншінің тұңғышы Альберт өмірге келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731880-karina-abdullinany-zinen-birnese-zas-kisi-kjeuleri-zajly-ne-bilemiz-foto/