Димаш Құдайберген 24 жасына дейін қандай биіктерді бағындырды? (видео)
Жарияланған күні:
Қазақтың маңдайына біткен әнші Димаш Құдайбергеннің бүгін жеке меншік мерекесі. Әндерін әлем халқы ұйып тыңдайтын әнші 24 жылда қандай жетістіктерге жетіп, қандай биіктерді бағындырды? Бұл жайында NUR.KZ порталы хабарлайды.
Бүгін қазақ жұлдыздары әнші туған күнімен құттықтап жатыр.
Жер шарының жартысын әсем әнімен, ерекше даусымен баурап алған Димаш Құдайберген жұлдыздар отбасында өмірге келген. Оның анасы мен әкесі Қанат пен Света Айтпаевтар. Қарындасы Раушан да жақында өнер әлеміне қадам басты.
- Димаш алғаш рет бес жасында музыкалық колледж сахнасында ән салған.
- Алты жасында "Айналайын" республикалық байқауының "Фортепиано" номинациясын иемденген.
- 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" халықаралық фестивалінде І жүлде лауреаты атанды.
- 2012 жылы "Жас қанат" Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Дәл осы жылы "Восточный базар" халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына да қол жеткізді.
- 2013 жылы Димаш Құдайберген "Мейкин Азия" І халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.
- "Славян базары-2015" байқауында Гран-при жеңіп алған.
- 2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген "Abu TV" халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде еліміздің атынан қатысқан алғашқы орындаушы болды.
- 2017 жылы Қытайдың танымал "I am a singer" байқауына қатысып, әлемге танылды.
- Осы байқаудан соң бағы жанған әнші Қытайдың бірнеше қалаларында жеке концертін өткізді.
- Сондай-ақ ол әлемдік деңгейдегі іс-шараларға қатысып, қызыл кілемнен де жүріп өтті.
Айта кетейік, бүгінде Димаштың анасы Света Айтпаева Ақтөбеде ұлының атымен " "DimashRM" бренд киімдер де шығаруды қолға алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733541-dimas-kdajbergen-24-zasyna-dejin-kandaj-biikterdi-bagyndyrdy-video/