Еліміздегі жұлдызды ата-әжелер кімдер? (фото)
Жарияланған күні:
Сахнаға сәнденіп шыққанымен үйде немере бағатын өнер иелері кімдер? Еліміздің жұлдыздары көпшілікке немерелерін қаншалықты жиі көрсетеді? Жас көрінсе де, немереге қарайлайтын жасқа жеткен өнерпаздар жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.
Бұл тізімді немерелерінің тәтті қылығын үнемі көпшілікпен бөлісіп жүретін Гүлзира Айдарбекова бастайтыны анық.
Қайрат Нұртастың анасы төрт немересін көпшіліктен он жылдан аса жасырып келіп, арнайы концерт арқылы халыққа таныстырды. Өнерлі отбасыда өмірге келген балақайлардың биі мен әніне осы кеште тыңдармандар куә болған еді. Сезім мен Алау, Хан мен Нарұл есімді төрт немересін Айдарбековтер отбасы өздерінше еншілеп те алған.
Ерік Тастембеков те үнемі өзінің немерелерінің суретін желіде бөлісіп, олардың тәтті қылығын сөз қылып отырады. Бірнеше әншінің жұлдызын жаққан продюсер қазақтың "көз тиедісі" мен "сөз тиедісіне" сенбейтін сыңайлы.
Нұрлан Еспанов та былтырғы жылы жиенді болған еді. Тхэквондодан әлем чемпионы Жалғасбек Касымовқа күйеуге шыққан әншінің қызы Айгерім Еспанова ұл баланы дүниеге алып келген болатын.
Ескендір Хасанғалиевте өнер жолында жүрген аталардың бірі. Халық әртісі Instagram парақшасында немерелері Зере мен Нұрсұлтанның суреттерін жиі жүктеп отырады. Әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев осыдан бірнеше жыл бұрын ұлды болған еді. Қос өнер иесінің бұл қуанышына әншілердің көбісі ортақтасып, ақ тілектерін жаудырған болатын.
Композитор Ұлықпан Жолдасов та 2015 жылы немерелі болған еді. Алайда Жолдасов Instagram парақшасында немерелерінің суретін жиі жариялай бермейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735658-elimizdegi-zldyzdy-ata-zeler-kimder-foto/