Кәмшат Жолдыбаеваның "Star of Asia" кешіндегі стилі елді шошытты (фото)
Опубликовано:
Екі күнге созылған "Star of Asia" фестиваліне келген әншілер өздерінің киіну стилімен елді елең еткізді. Көпшіліктен ерекшеленгісі келген Кәмшат Жолдыбаеваның образдары керісінше, жанкүйерлерін шошытты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасына фестивальдің суреттерін жүктегені сол еді, оқырмандар Кәмшатқа теріс пікірді қарша боратқан.

"Осы қыз өз стилін таппады ғой", "Жеңіл жүрістілер құсап", "Кешіріңіз әрине, бірақ өте сүйкімсіз киінесіз", "Байзақованың әпкесі болған ба, білмеймін".

"Қазақтың Бузовасы болыпсыз ғой", "Шетелге еліктемей, өз стиліңді тапсаңшы", "Мүлдем жараспайды", "Өнеріңізді құрметтеймін. Бірақ, сізге мына стиль жараспайды", "Басың жабық болғанмен, бір жерің жалтырап тұр ғой" деді желі қолданушылары.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737770-kmsat-zoldybaevany-star-asia-kesindegi-stili-eldi-sosytty-foto/