Асхат Тарғын өзін "дауысы жоқ жеңіл-желпі әнші" дейтіндерге сәлем жолдады
Жарияланған күні:
"Мария Магдалена" әнімен танымал болған әнші Асхат Тарған өзін "дауысы жоқ жеңіл-желпі әнші" дейтіндерге NUR.KZ порталының жобасы "Ойбай Life" бағдарламасы арқылы сәлемдеме жолдады.
"Көбіне халық мені тойда билеп, көңіл көтеретін жеңіл әндер айтатын әнші деп танып қалған. Менің басқа көптеген әндерім де бар. Оны көбі біле бермейді... Одан кейін шығып жатқан "Биле, жеңге" деген әнім бар. Көңілді. Тойға барғанда осы әнді сұрайды... Қазір әніне, сөзіне, мағынасына мән беріп, жұмыс істеп жатырмыз. Жеңіл ән, болмаса мағынасыз әндерге көп жоламаймын", - дейді әнші.
Әнші "дауысы жоқ" деп сынайтындарға ренжімейтінін алға тартты.
"Оны сыртымыздан айтатын шығар? Талай сыртымнан естіп те жүрмін. Бірақ бетіме келіп, ешкім "сен мұндайсың" деп оны айтқан емес. Көңіліме қараған шығар? Жалпы сын айтылған дұрыс деп ойлаймын. Сын айтылса, мінің түзеледі... Бәріміз де пендеміз, қателеспейтін адам жоқ... Сондықтан, сынның болғаны жақсы. Мен сынды жақсы қабылдадым, сынды көтердім, әлі де көтеремін. Бұл маған беріліп жатқан бір сынақ шығар?", - дейді ол.
Айта кетсек, сонымен қатар "Мария магдалена" әні өзіне қанша табыс әкелгенін, бірінші әйелінен ажырасқаны үшін жерден алып, жерге салғандарға қалай төтеп бергенін және тойда асабамен не үшін төбелескенін сөз еткен еді.
Асхаттың өнер жолындағы және жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін ақпаратты "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.
"Ойбай Life" бағдарламасының жұлдыздармен болған сұхбаттары мен эксклюзив жаңалықтарын Мұхит Сапарбаевтың Instagram парақшасынан, "Ойбай Life-тың" желідегі парақшасынан біле аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746377-ashat-targyn-zin-dauysy-zok-zeil-zelpi-nsi-dejtinderge-slem-zoldady/