Тыңдармандар Айқынның бірінші әйелінің сұлулығына тамсанды
Жарияланған күні:
Күні кеше ғана ұлының туған күнін тойлап, ел алдында қарым-қатынастарын растаған Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали жұрт арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік бірден отандық әншінің екінші әйелін, оның бірінші жарымен салыстыра бастады, Желі қолданушылары Айқынның бұрынғы әйелінің сұлулығына тәнті болды деп жазады NUR.KZ.
Айқын Төлепбергенннің бірінші әйелінің есімі - Әсел. Ол отандық жұлдызға үш бала сыйлаған.
Әнші жеке өмірін ел алдына шығара бергенді ұнатпайтын жұлдыздар қатарына кіреді. Тіпті, Сосо Павиашвилимен түсірген бейнебаянға дейін көпшілік Айқынның жарының түрі қандай екенін білмей келген.
Отандық әртіс отбасы туралы мәліметтерді үнемі жасырын ұстап келді. Сол себепті, Әсел жайлы мағлұмат өте аз.
Алайда, желі қолданушыларының айтуынша, Айқын өзінің бірінші әйелімен университет қабырғасында танысқан. Мыңбұралған биші мен болашақ жұлдыздың махаббаты студенттік кезден бастау алды. Сұлу бойжеткеннің көңілін табу үшін Айқын біраз тер төккенін өзі де айтқан болатын.
"Каждый день" әніне түсірілген бейнебаянның астына желі қолданушылар әлі де өз пікірлерін жазуда. Көпшілік бірінші әйелін үш баласымен қалдырып, жас қызға үйленген Айқынды сынады.
"Бірінші әйелі Жұлдыздан қарағанда, әлдеқайда сұлу. Әрі әдемілігі табиғи"
"Ұйыған отбасының шырқын бұзуға қалайша дәті барды?"
"Әсел Жұлдыздан мың есе көрікті. Өте өкінішті"
"Айқын ақымақсың, бірінші жарың сүп-сүйкімді ғой. Оның үстіне үш балаң бола тұра бұлай істегенін дұрыс болмаған", - деп жазды көпшілік.
Бүгінде Айқын Төлепберген Кешьюдің бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғалимен көңіл қосқан. Жұлдызды жұп Санжар есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр.
Ал, әншінің бұрынғы әйелі Әселдің ажырасып кеткеннен кейінгі өмірі жайлы мәлімет мүлде жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749539-tydarmandar-ajkynny-birinsi-jelini-slulygyna-tamsandy/