Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал жұлдыздардың екінші жары атанған "Кешью" қыздары кімдер?

Жарияланған күні:

Екінші рет шаңырақ көтерген отандық танымал продюсер бүгінгі күні бақытты кезеңдерін басынан өткізуде. Баян Алагөзованың "Кешью" тобындағы шәкірттері де бақытын ажырасқан ер адамдардан тапты. Атышулы музыкалық топ құрамында өнер көрсеткен бойжеткендердің бірқатары өз сүйіктілерінің екінші әйелі атанды деп жазады NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: UGC

Баян Алагөзова мен оның атышулы тобында өнер көрсеткен қыздарының тағдыры өзара ұқсас болып келеді. Асқан танымалдылыққа ие болған арулар продюсерлері сияқты ажырасқан ер адамның екінші жары атанған.

Баян Алагөзова

Бірінші күйеуінен опық жеген продюсер одан ақыр-соңы ажырасып тынып, әшкере болған сүйіктісіне қосылған еді. Ол кезде отбасылы болған Тұрсын Алагөзов Баян үшін бірінші әйелімен қош айтысқан.

Бір-біріне ессіз ғашық болған жұп ажырасып болған соң, арақатынастарын некеге ұластырды. Алайда, Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі қос ғашыққа әлі де тыныштық берер емес. Кәсіпкердің бұрынғы жанұясы одан мүліктің бәрін тартып алмақ.

Айдана Меденова

Экс-кешьюлік әнші топтан кетуіне отбасылық өмір себепкер болған. Айдана Меденованың таңдауы Әлішер Нұржанов есімді отандық продюсерге түскен. Бойжеткен де өз басшысы секілді сүйіктісінің екінші әйелі атанған. Әлішердің бірінші некеден екі ұлы бар. Алайда әнші Әлішермен ажырасып кеткеннен соң жолықтырған.

Айдана Меденова да күйеуіне екі бала сыйлаған.

Ақботанұр Сейітмағамбет

Ақботанұрдың топтан кетуі тіптен ел арасында шу тудырды. Оның отбасылы болған танымал әзілкешпен көңіл қосқаны жұртқа жақпай қалған. Ақбота халықтың жағымсыз пікірлеріне соңына дейін төзіп, ақыр-соңы Дәурен Айдарқұловтың заңды әйелі болып алды.

Отандық әзілкеш бұрынғы әйелін үш баласымен тастап кеткен. Алайда, әзілкештің өз балаларымен байланысын үзбегенін әлеуметтік желідегі парақшасынан байқауға болады.

Жұлдыз Өмірғали

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Күні кеше қарым-қатынастарын растаған Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепбергенннің көңіл қосқанын ел ертеректе біліп қойған. Бойжеткен де топтан кетіп, актерлікке бет бұрмақшы болған. Алайда, жоспарлары өзгерген Жұлдыз ажырасқан отандық әншінің екінші әйелі болуды жөн көрсе керек.

Екі баласы бар Айқын бірінші әйелінен ажырасып, Жұлдызбен қосылған. Кешью құрамында өнер көрсеткен ару топтастары мен продюсерінің жолын қуып, ажырасқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты. Жұлдызды жұптың Санжар есімді ұлдары бар.

Сонымен қатар, Кешью тобынан бөлек отандық шоу-бизнесте өз сүйіктілерінің екінші әйелі болуға келіскен басқа жұлдыздар да бар.

Гүлнұр Оразымбетова

Айнұр Тұрсынбаева

Қарақат Әбілдина

Алтынай Жорабаева

Сүйіктісінің екінші әйелі болған Алтынай Жорабаева төрт қызының әкесімен ажырасып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749619-tanymal-zldyzdardy-ekinsi-zary-atangan-kesu-kyzdary-kimder/