"Қорқақ қоян едім": Қайрат Нұртастың әйелі ана болған шағын еске алды (фото)
Жарияланған күні:
Қайрат Нұртастың әйелі өзінің жас ана болған кезін еске салып, оқырмандарымен бұрын-соңды айтпаған сырымен бөлісті. Жұлдыз Әбдікәрімова 21 жасындағы суретін жүктеп, өзінің қандай ана болғанын жасырмай айтып берді деп жазады NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instgaram парақшасына қалдырған жазбасында өзінің жас ана кезіндегі уақытын еске алған. Қайрат Нұртастың әйелі бірден бүгінгі кейпіне енбегенін ескере кетіп, бастапқыда көп нәрсені терең білмей, өте жалтақ болғанын жайып салды.
Өзінің жас ана кезіндегі суретін жүктеген Жұлдыз, оқырмандарына қандай ана болғаны туралы тың мәліметпен бөлісті.
"Мында жасым 21де. Өзімде бала сияқтымын, өте жалтақ болған кезім, көп дүниелерді терең білмейтін қорқақ қоян, сезімтал жас ана болған шағымды еске алатын болсам, өте ұзақ әңгіме болып кетеді. Тек xалат, спортивка менің күнделікті киетін киімім, ал шаш болса бір қалыпты" , - деп жазған фотоның астына ол.
Желі оқырмандарына отандық әншінің жарына өз жылы лебіздерін білдіріп, оң пікірлерін жарыса қалдырған.
"Бәрі мұндай тәжірибеден өтеді. Бәріміз де сол халатты киіп шықтық. Жарайсың, қарапайымдылығына тәнтімін"
"Қандай әдемісіз. Сіздің табиғи сұлулығыңыз керемет"
"Көп нәрсені үйреніп бүгін тәжірибесі мол төрт баланың анасы, адал жар, тәрбиелі келін болып отырсыз" , - деп жазды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753298-korkak-koan-edim-kajrat-nrtasty-jeli-ana-bolgan-sagyn-eske-aldy-foto/