Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен күйеуі жайлы шындықты айтты
Жарияланған күні:
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен күйеуі, отбасы жайлы сырымен бөлісті деп хабарлайды "Nazar" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жасы 40-қа жақындаған тележүргізуші екі баланы өсіріп отыр. Алайда ол той жасап, ақ көйлек кимегенін де жасырмады.
"Отандасқанымызға 15 жыл болды. Оның бірінші әйелі емес екенімді бәрі біледі ғой. Қайраттың алдыңғы отбасынан балалары бар. Қазір келіндермен араласамыз. Қайраттың мені қатты жақсы көретінін іс-әрекетінен байқаймын. Кейде маған аға ретінде ұрысып кетеді. Өйткені, 12 жас білінеді. "Мен саған қарындас емеспін ғой" деп әзілдеп қоямын.
Оның 5 баласы бар. Немерелері бар. Барлығы Қайраттың мойнында. Ол алғашқы күннен "Ләйлә, сен ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Мен үшін балаларым бірінші орында. Сен "мен ең сүйікті әйел болуым керек. Менің балаларым бірінші" дейтін болсаң онда кешір" деді. Сондықтан осы шарт ешқашан бұзылмайды", - деді Сұлтанқзы
Ләйлә Сұлтанқызы өзінің ай сайын қанша жалақы алатынын да ашып айтты.
"Менің бар тапқанымды өзіме де жаратпаймын. Менің екі балам бар. Күйеуім "үйге ақша әкелесің бе өзі" деп сұрайды. Бірақ ол үш көйлектен артылмайтын ақша. Жарнамадан бір айда 500 мың, екінші айда 5 млн түсуі мүмкін", - деді тележүргізуші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1755465-ljl-sltankyzy-zinen-12-zas-lken-kjeui-zajly-syndykty-ajtty/