Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тозақтың бірінші ханымы": Ең қатал басшылардың әйелдері туралы білесіз бе?

Жарияланған күні:

Әлемге танымал ел басшылары саясат пен билік тұрғысында қателіктер жіберіп тұрғанымен, әйел таңдауға келгенде мүлде қателеспейтін көрінеді. Кез келген президенттің жанынан үнемі адал әрі сенімді серік боларлық арулар табылып жатады. Олар тіпті көпшілікке суық болып көрінетін жұбайларының образын жұмсартып жіберуге де қауқарлы деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Асма әл-Асад - Сирияның бірінші ханымы

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бүгінде әлемнің қаһарына ілініп отырған Сирия президентін ел сынынан сұлу әйелі де құтқара алмаса керек.

Бұған дейін алған білімі мен ерекше талғамы үшін үлкен мәртебеге ие болған Асманың жағдайы бүгінде мәз емес.

Көпшілік мемлекеттегі болып жатқан қанды оқиғаларға биліктегі отбасыны кінәлап отыр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Тым батыстанып кеткен мұсылман әйел Лондонда білім алып, сүйіктісін кезіктірген соң ғана 2000 жылы тарихи отанына қайтып оралды.

2011 жылы бірінші ханымның кесірінен БАҚ-та үлкен жанжал орын алды. Өзін асыр-салып мақтаған мақала үшін оны жазған журналисті жұмысынан шығарып тынған.

30 жыл бойы еңбектенген ақпарат өкілі артынан екінші мақала жазып, Асманы "тозақтың бірінші ханымы" деп атаған.

Ана Паула душ Сантуш - Анголаның бірінші ханымы

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ана Паула душ Сантуш модельдікпен қатар ұшақта стюардесса қызметін атқарған.

Дәл әуе кемесіндегі жұмысының арқасында ол Ангола президентімен танысып, артынан оның заңды әйелі болды.

Қос ғашықтың арасы - 20 жас, алайда оларға жас айырмашылық мүлде кедергі келтірмейтін көрінеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ана Паула душ Сантуш Анголадағы білімді сынға алумен танымал. Ең қызығы, жұбайы дәл осы салаға мән беріп келсе де, елдің сынына қалып жүреді.

Білім беру сапасына көңілі толмаған ханым баласын шетелде оқытуға бекінген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Солтүстік Корея ханымы - Ли Соль Чжу

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әлемдегі ең қатал ел басшыларының бірі Ким Чен Ын мемлекет тарихында әйелін халық алдына алып шыққан алғашқы билік иесі болып табылады.

Оған қоса, үнемі шалбар киюге міндеттелген кореялық қыз-келіншектер заңын ел басшысы жойып тастады. Оның бұл шешіміне сүйіктісі әсер етсе керек деп ойлайды көпшілік.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сонымен қатар, Ли Соль Чжу күйеуінің әкесі мен атасының суретін төсіне тақпайды екен.

Кореяда қатаң заңдылық болып табылатын жайтты елемеуге мемлекеттің бірінші ханымы үшін жолдасынан басқа ер адам жоқтығы себеп болған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Рания әл-Абдулла - Иордания бірінші ханымы

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұл аруды ең ислами мелмекеттің бірінші ханымы деп айту қиын. Дінге тым беріліп кеткен ел президентінің әйелі халық арасында үлкен сый-құрметке ие.

Ол мұсылман халықтарының білім алу мәселесіне зор мән беріп, қайырымдылық шаралармен айналысады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Камерун ханымы - Шанталь Бийя

Шанталь Бийя өз сүйіктісінен 20 жас кіші. Үлкен жас айырмашылық бұл адамдардың жұптасуына кедергі бола қоймаған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Басқа елдердің бірінші ханымдарына қарағанда, Шанталь мемлекеттік маңызы бар істерден гөрі өзінің күтіміне ерекше мән береді.

Үнемі жарқын образдарымен таңғалдыратын әйел тек қана танымал брендтердің киімін таңдайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759126-tozakty-birinsi-hanymy-e-katal-bassylardy-jelderi-turaly-bilesiz-be/