Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық бағдарламаны сынға алған Айжан Байзақова ұятқа қалды

Жарияланған күні:

Атышулы блогер Айжан Байзақова "Өз ойым" бағдарламасын сынға аламын деп өзі масқара болды. Бойжеткеннің Instagram парақшасында жазған жазбасына оқырмандар теріс пікір білдірген деп жазады NUR.KZ.

Отандық арнаны тамашалағаны үшін өкінген Байзақова қазақша бағдарламадағы сөйлеу әдебін сынға алған.

"Маған отандық арналарды көрме дейтін. Сөйтсем, білетіндер бекер олай айтпайды екен. аңғы сағат 05:00-те "Өз ойым" бағдарламасын көремін деп, қатты таңғалдым. Тележүргізушілер бұл жерге қалай келген?

Екі сөздің басын қоса алмай отырып, "қатын" және "гей" деп айта беретін ер адам - барып тұрған "гомофоб". Бұл орынға қалай келдің? Жүргізуші ер адам аузын ашқан сайын, сөйлемесе екен деп отырдым.

Олар бағдарламаға келген қонақты әдейі ашулануға итермелейді де, артынша өзі сабырға шақырады. Бұл не деген сұмдық?

Сосын бағдарламаға шақырылған адам неге қазақша сөйлеуге міндетті? Керек болса, аудармашы жалдаңыздар.

Осы бағдарламаның құрметті жүргізушілері, ең бірінші дұрыс сөйлеуді үйреніңіздерші. Өздеріңіздің діни көзқарастарыңыз бен тәрбиелеріңізді тықпалағанды қойыңыздар", - деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, желі қолданушыларының бір бөлігі атышулы арудың жазбасымен келіссе, екіншілері Байзақованың өзін сын астына алды.

"Өзің балағат сөздің түр-түрін жазасың", "Алдымен өзіңе қарап алсаңшы", "Олар туралы жазсаңыздар, демек ол кісілер қандай жолмен болса да, шоу жасады деген сөз".

"Сонда сен ғана ойыңа келгенін жасауың керек пе?", "Сіз әлі басқа бағдарламаларды көрмедіңіз", - деп жарыса жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764993-otandyk-bagdarlamany-synga-algan-ajzan-bajzakova-atka-kaldy/