Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева: Димаштың даусындай мен бірде-бір еркекті естіген жоқпын

Опубликовано:

Роза Рымбаева "Ойбай life" бағдарламасында Димаш Құдайбергенге қатысты пікірін айтып, оны жер көкке сыйғызбай мақтады. Халық әртісі жас әншінің зор дауысына тәнті болғаны мен ондай дауысты бұрын соңды естімегенін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Getty Images
"Димаш ерекше әнші ғой. Ерекше құбылыс деуге болады. Себебі оның даусындай мен бірде-бір еркекті тыңдаған жоқпын. Оның даусы ер азаматтікінен бастап, жоғары сопраноға дейін кетіп қалады. Бұл табиғи құбылыс. Оған осындай ерекше дауыс, таңдай берілді. Сондықтан ол сонымен елді таңғалдырып жүр", - деп ағынан жарылды әнші.

Оған қоса, Роза Рымбаева той деңгейінен шығуға талпынбайтын отандық әншілерді сынға алды.

Халық әртісінің эксклюзивті сұхбатының толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1768376-roza-rymbaeva-dimasty-dausyndaj-men-birde-bir-erkekti-estigen-zokpyn/

pixel